Қазақ тілі, сабақ әзірлемелері, 2-сынып.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Имаканова Рабига Сарсенбековна
|
Қазақ тілі 2-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Уу дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы.
Мақсаты:
1. Білімділік: у дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру. У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сауаттылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Көрнекіліктер: суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: у дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру. У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
-Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.
Қуанамын мен де ,
Қуанасың сен де.
Қуанайық ,достарым,
Арайлап атқан күнге.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
15-бет. 4-жаттығу.
3. Тақырыпқа көшу кезеңі:
-Дыбыс дегеніміз не?
-әріп дегеніміз не?
-Дыбыстардан не құралады?
-Дауысты және дауыссыз дыбыстарды атау.
4. Тақырыпты түсіндіру.
Алдымен у дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіреміз.
Баған түріндегі сөздерді хормен оқу.
ә)Тақтамен жұмыс: А-уа, ну, ту, ау. на-уа, уық, науат.
б) Тау сөзіне дыбыстық талдау жасау
Тау сөзін қатыстырып сөйлем құрату.
Адамдар, жан-жануарлар Өсімдіктер немен тыныс алады? -Ауамен.Ауа сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау.А-уа, а+у+а. Ту,ау сөздерін салыстыра отырып, у дыбысының бірде дауысты , бірде дауыссыз екенін түсіндіру. у-ту-дауысты, у-ау- дауыссыз.У- әріп таңбасымен таныстыру. Буындарды жаттату.Та па на ға ра ла уа
Сөздік диктант:үй, ұя, сұйық, суық, уылдырық, үйеңкі, уық, сұр, сүр, күлу, құрық, қулық, Ақтау, самұрық,, қуырмаш, сүргі.
5. Сабақты бекіту.
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
Оқулықпен жұмыс.
1, 2-жаттығулар (у әрпі бар сөздерді теріп жазып, буынға бөлу, у әрпінің дауысты және дауыссыз екендігін ажырату.
Ережемен таныстыру.
3-жаттығу, сөздерді оқып, буынға бөліп жазу.
6-жаттығу, көп нүктенің орнына ұ, ү, у әріптерінің бірін қойып, мәтінді көшіріп жаз.
Сергіту сәті:
Үлкенге де Сіз!
Кішіге де Сіз!
Бар әлемнің баласын
Құрметтейміз біз!
6. Сабақты қорыту.
Не білдік, не үйрендік?
7. Үйге тапсырма.
17- бет. 4-жаттығу.
8. Бағалау.
Оқушылардың бағаларын күнделік пен журналға қойып шығу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 1.13 Mb |
Количество скачиваний: | 26 |