Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту бойынша тиімді жұмыс түрлері (мәтінмен жұмыс)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Выдержка из материала:

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күнгі жалпы орта білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыруда талай жұмыстар атқарылып, нақты шаралар белгіленіп, іске асырылып жатқанымен, оқыту ісінде түбегейлі мақсатқа жету жолында әлі де көптеген істерді атқару қажеттігі бар.

Соның бірі – тіл дамыту сабақтарында мәтін және мәтін бойынша тапсырмалар арқылы тілді меңгерту мәселесін зерделеу.

Себебі мәтінмен жұмыс істеудің бір әдісін тіл үйретудің барлық деңгейінде қолдана беру орынды бола бермейді.

Бастапқы кезеңде шағын мәтінді оқып, түсініп, сұрақтарға жауап беріп, мазмұндау іспетті тапсырмалар орындалса, одан кейінгі кезеңдерде мәтіндегі сөздерге антоним, синоним табу, мәтін бойынша диалог құрастыру, мәтіндегі сөйлемдерді мағынасын сақтай отырып басқаша құрастыру, толықтыру, таратып жазу т.с.с. және бұдан да күрделі, оқушылардың шығармашылық (креативті) ойын дамытатын тапсырмалар болуға тиіс.

Тіл дамыту сабақтарын сапалы әрі түрлендіріп өткізу оқушы тілін ұштай түсетіні ақиқат. Ғалымдар еңбегін саралай келе, мәтінді, мәтін бойынша тапсырмаларды пайдаланудың бірнеше тиімді жолын айқындап, тіл үйрету сабақтарында мәтінді, мәтін бойынша тапсырма түрлерін ұтымды пайдаланып, тиянақты нәтижеге қол жеткізуге болатынына көз жеткіздік.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 110 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 117

Похожие материалы