Қазақ тілі сабақтарында өзге ұлт балаларының тілін ойын технологиясы арқылы дамыту
Предмет:
Иностранные языки
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Жаксылыкова Марина Алмахановна
Здесь была ссылка на работу Қазақ тілі сабақтарында өзге ұлт балаларының тілін ойын технологиясы арқылы дамыту автора Жаксылыкова Марина Алмахановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 4 – бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматтың парызы» деп көрсетілген. Қазақ тілі – халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні. Қазақ тілі – халқымыздың өткен ұрпағын тарихи біртұтастық, ажырамас бірлік жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Мұны елбасымыз Н. Назарбаевтің сөзімен айтқанда «Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз. Бұл – аз уақыттың аясында тындырып тастайтын іс емес. Бұл мемлекеттік тұрғыдан, ұзақ жылдар бойы, ұдайы айналысатын іс» деген. А. Макаренко бұл жөнінде «сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңіз, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек» деген болатын. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Білім беру субъектісі ретінде оқушыны қалай дамытамын? Не арқылы дамытамын? деген сұрақ туындады. Әрі білім беру құрлымында жаңа технологиялар өмірге келді. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогика технологиялар – бұл білімнің; басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».