Қазақ тілі сабағы «Компьютердің пайдасы мен зияны»
Предмет:
Классному руководителю
Категория материала:
Презентации
Автор:
Тулеева Айгуль Закариановна
Здесь была ссылка на работу Қазақ тілі сабағы «Компьютердің пайдасы мен зияны» автора Тулеева Айгуль Закариановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Мұғалім сөзі. 1-тапсырма. «Миға шабуыл» немесе «Ой қозғау» (видео көрініс) 2-тапсырма. «Біздің ойымызша,компьютердің пайдасы мен зияны... .«ой бөлісу. 3-тапсырма. Мәтіндегі тірек сөздермен жұмыс,мәтінді түсініп,мәнерлеп оқу. Байланысуға болады-можно связаться Мәліметтер алады-получают информации Толықтырады-дополняют Болып саналады -считается Қолдану-применять Нашарлайды-ухудшается Зақымдайды-поражает Қозғалыссыз-без движении Әкеліп соқтырады,шалдығады-приводит Ұйқысыздық-бессонница Айырылады-теряют Ағза-организм Жүйке -нерв Қазіргі таңда ғаламтор әлемдік байланыс құралына айналып отыр.Ғаламтор арқылы әр түрлі әлеуметтік желілерде отыруға болады.Дегенмен,осы ғаламторға қосылу үшін,әрине,бізге компьютер керек. Техниканың дамығаны соншалықты ,ғаламтор арқылы басқа қалалармен,басқа елдермен де байланысуға болады.Екіншіден,ғаламтор арқылы көптеген керекті мәліметтер тауып , білімдерімізді толықтырып жатамыз.Үшіншіден,электрондық пошта - әлемдегі байланыс жолдарының ең арзаны, әрі ең жылдам түрі болып саналады.Электрондық оқулықтар мен интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушылар көптеген қосымша мәліметтер ала алады. Компьютер алдында ұзақ отырғандықтан,ең алдымен,баланың көру қабілеті нашарлайды,баланың омыртқа сүйегі зақымдалады.Қозғалыссыз отыру,тек қолмен жұмыс істеу мойынға тұз жиналуына әкеліп соқтырады.Компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына шалдығады.Ойлау қабілеті,есте сақтау қабілеті нашарлайды,бас ауруы мен ұйқысыздық жиі байқалады.Клавиатурадағы төмен диапазоннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер етеді.Нәтижесінде,компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына шалдығады екен. 4-тапсырма. а) Мәтіндегі абзацтарға ат қой. ә) Мәтінді мазмұндап көр. 5-тапсырма. Мәтінді түйінде,негізгі ойды анықта. Компьютердің пайдасы неге қол жеткізеді? Компьютердің зияны неге әкеліп соқтырады? 6-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді салыстыр. № Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс 1 Ғаламтор арқылы басқа қалалармен байланысуға болмайды. 2 Электрондық пошта-байланыс жолдарының ең арзаны. 3 Баланың көру қабілеті төмендейді. 4 Компьютер алдында көп отыру-пайдалы. 5 Бас ауруы мен ұйқысыздық байқалмайды. 7-тапсырма. а)Мәтіндегі ойдың біріне байланысты мақал-мәтелді тауып,дәптеріңе жаз. ә) Ауыспалы мағынада тұрған сөзді тап. б) Синонимдік,антонимдік жұп құра. в) Омоним сөзді тап. А) Досыңа ауыр сөз айтпа. Ә) Денсаулық-зор байлық. Б) Адамға адам жат емес. 8-тапсырма. а) Мәтіндегі екі сөйлемге қаратпа сөзді қоса отырып,бір-бірімізге айтып көрейік. ә) Мәтіндегі қыстырма сөздердің астын сыз. 9-тапсырма. Үлгідегідей жалғастыр. Үлгі:Бала (жіктік жалғау, 2 жақ)Бала+сың 1.Компьютер (тәуелдік жалғау, 1-жақ жекеше+ілік септігі) 2.пошта (көптік жалғау+тәуелдік, 2-жақ сыпайы+барыс) 3.ел (көптік+тәуелдік, 3-жақ көпше+шығыс септік+жіктік, 1-жақ, көпше түр) 4.Ғаламтор (тәуелдік, 1-жақ, жекеше+барыс септігі) 5.Ағза (көптік+тәуелдік, 3-жақ+жатыс септік) 10-тапсырма. Етістіктің түрлерін ажырат. мысалдар дара күрделі болымды болымсыз нашарлайды болмайды екен ала алмайды естіледі 11.Бекіту.Үй Жұмысы.Бағалау.