Қазақ тілі сабағында

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
 Тақырып: Қазақ тілі сабағында . Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың өтілген тілдік материалдарды қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу. Дамытушылық:тіл дамыту, ойлай, сөйлей білу, сөздік қорын молайту Тәрбиелік: Мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру. Сабақтың түрі:  жаңа сабақ Сабақтың әдісі:ой қозғау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденіс, топпен жұмыс, жеке жұмыс. Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: оқулық,  кестелер,  суреттер, қима қағаздар.                                             Сабақтың барысы. І. Ұйымдасыру кезеңі:  ә) оқушылармен амандасу, түгелдеу: б ) оқушылар назарын сабаққа аудару.                                   Тіл дамыту үшін сұрақтар: 1.Сен қазақ тілінде сөйлей аласың ба? 2. Қазақ тілі қандай елдің мемлекеттік тілі? 3.Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? 5. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды? 4. Біздің мемлекет қандай ел ? ІІІ. Жаңа сабақ. -Балалар, осы қоян бүгін бізге жалғыз өзі келмепті өзінің досын алып келіпті. Қане қоянның досымен танысайық. -Бүгін сабақта осы екі достың күн тәртібімен таныс боламыз. Қане мұқият суретке қарайық. Қонжық пен қоян не істеді? (Оқушылар слайдтағы суреттерге қарап жауап берді, оқыды)           1. Сабақ тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру. - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақ тілі сабағында ». Баршамыз да білеміз. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл – тек қатынас құралы ғана емес, бір ұлт пен екінші ұлтты жақындастыратын құрал. Сондықтан қазақ тілді терең біліп, дамытуға тырысамыз. 3. Сөздікпен жұмыс. 49-бет. тақырып-тема қызықты-интересно              интересный (-ая, -ое) өтті-прошел(-ла,- ло)                                     тоқсан-четверть пән-предмет                                                   жуан-здесь: твердый(-ая,-ое)    жіңішке-здес: мягкий(-ая,-ое) Айтылым.Тірек сызба бойынша жұмыс. 1. Мұғалім сөйлемдерді айтады, оқушылар қайталайды. 2. Оқушылар тізбектеп айтып шығады. 3.Сөз тіркесін, сөйлем құрайды оқушылар.   Қазақ тілін біліу үшін не істеу  керек? Жиі-жиі қазақша сөйлеу керек.     Радио тыңдау керек.    Теледидар көру керек.   Оқып,жаттығыңдар. Үйірмеге қатысу керек.    Қазақша газет-журнал оқу керек.    Сабаққа дайындалу керек.                               V. Тапсырмалармен жұмыс. 1.Жазылым. Дәптермен жұмыс.  тапсырма бойынша сұрақтарға жауап беру. Үлгі: Сенің сыныбыңда қазақ тілі сабағы аптасына неше рет өткізіледі? Менің сыныбымда қазақ тілі сабағы аптасына төрт рет өткізіледі. Сергіту. 2 . Айтылым. Жазылым.Сурет бойынша қысқаша мәтін құрастыру.  Үлгі: Мынау біздің сынып. Мынау – Айбек. Ол бірінші партада, Асхатпен  отыр. Қазір қазақ тілі сабағы . Қазақ тілі сабағында  біз мәтін оқимыз,  әңгіме айтамыз, жаттығуларды жазамыз. Қазақ тілі сабағы маған  өте ұнайды. 3.Оқылым.49-бет, 1-тапсырма. Оқылым.Айтылым. 50-бет. 2-тапсырма. Жуан,жіңішке сөздерді табу. Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау. І деңгей 1. « Қазақ тілі сабағында» тақырыбында диалог құрастырыңдар. 2. Төмендегі сөздердің кемінде екі мағынасын табыңдар.                                       Бар, баспа, буын. ІІ деңгей 1. Ел, жер туралы 3 мақал жазыңдар. 2. Төмендегі сөздерді аударыңдар. Керектігі, мақсат, сауатты, ұрпақ, мәртебе, қайнар , мәлім, тағдыр, шам, үнемі,тәулік. ІІІ деңгей 1. Келесі сөздермен сөйлем құрастыр. Отыр, сыныпта, оқушылар. Сурет, салды, оқушылар. Жазамын, мен, дәптерге, жаттығу. Сен, бар, кітапханаға.   ҮI. Қорытындылау. Оқушыларды бағалау ҮIІ. Үйге тапсырма.51-бет, 5-тапсырма.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 447.78 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 149

Похожие материалы