Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Некрасов атындағы
№9 мектеп-гимназия
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Аймұратова Маржан Танырбергеновна
Түркістан қаласы
20.04.2015 ж
Сабақтың тақырыбы: Қай тіл көп тараған?
Сабақтың мақсаты: Әлем тілдерінің ерекшеліктерімен, әлем мойындаған тілдер жайлы мәтінмен танысу, талдау.
Сабақтың міндеті:
- 1.Тақырып бойынша топтық жұмыс жасау;
- 2.Тұйық етістікті қолданып, талдай білуге дағдыландыру;
- 3.Тілдің қоғамдағы рөлі жайлы айта білуге үйрету.
- Қолданылған модульдер: Сын тұрғысынан ойлау», «оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер», «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»,, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» , «Оқытуды басқару және көшбасшылық»
- Стратегиялық іс-әрекеттер: «Кім тапқыш» ойыны, Сен – маған, мен – саған стартегиясы, Ой қозғау, Кері байланыс.
Бөлімі, уақыты
Бөлімнің мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
I.Кіріспе бөлім
10 мин
II.Негізгі бөлім
25 минут
III.Қорытынды
бөлім
8 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Топқа бөлу
Өткен тақырыпты еске түсіру.
Жаңа тақырып
Кері байланыс.
Бағалау
Үйге тапсырма
Сәлемдесу. Кім тапқыш? ойыны арқылы тілдерді белгілі бір затқа немесе қандай сурет көз алдына келеді, неге теңейді.
Әлем тілдері, туған тілім деген екі топқа бөлемін.
Сен – маған, мен- саған стратегиясы арқылы оқушылар оқушылар жұптық жұмыс жасайды.
Ой қозғау.
1.Әлемдік тілдердің қандай артықшылығы бар?
2.Саған қай тіл ұнайды? Неліктен?
3. Тіл қайдан пайда болған?
4. Әр тілге сипаттама бере алатын болсаң, қалай берер едің?!
Ең көп тараған тілдер жайлы постер дайындайды.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты іздесең,
Жат тоқып ал көңілге.
(С.Торайғыров)
Ана тілін сүймеген,
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас.
(Б.Сарноғаев)
4-тапсырма.
Қытай тілі, ағылшын тілі, испан тілі, француз тілі, неміс тілі, орыс тілі, қазақ тілі, хинди тілі т.б.
Оқушылар алған топтарының аттарына байланысты екі топқа жайғасады.
Жұптасып бір-бірімен диалог жүргізеді. Тұрақты тіркестердің мағынасын ашады.
Оқушылар ойланып, сұрақтарға өз жауап нұсқаларын ұсынады.
Оқушылар өз ойларын постерге түсіріп, ойларын жинақтап, нақты өз ойларын айтып шығады.
Кері байланыс ретінде оқушылар өлеңді оқып, өлеңнен етістіктерді теріп жазады. Өз ойларын ортаға салып, бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар екендігін айтып шығады.
Ауызша бағалайды.
Берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құрайды.
21.04.2015 ж
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілін өзге ұлттардың үйренуі.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың міндеті: Өзге ұлттардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру, тіл жайлы нақыл сөздерге септік жалғауын дұрыс қойып, анықтама беру.
- 1.Оқушылардың қазақ тілінде сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
- 2.Жалғау түрлерін ажырата білуге үйрету;
- 3.Қазақ тілінің ерекшеліктерін түйсіне білуге үйрету.
- Қолданылған модульдер: Сын тұрғысынан ойлау», «оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер», «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»,, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» , «Оқытуды басқару және көшбасшылық»
- Стратегиялық іс-әрекеттер: Топтық жұмыс, «Менің сүйікті тілім» ойыны, постер әдісі, Он сұрақ стратегиясы.
Ойыны, Бөлімі, уақыты
Бөлімнің мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
I.Кіріспе бөлім
10 мин
II.Негізгі бөлім
25 минут
III.Қорытынды
бөлім
8 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Топқа бөлу
Өткен тақырыпты еске түсіру.
Жаңа тақырып
Кері байланыс.
Бағалау
Үйге тапсырма
Сәлемдесу. Оқушылармен шаттық шеңберін құрып, қазақ тілі қандай? деген ойын ойнау.
Орыс, татар, өзбек, ұйғыр, неміс, корей, үйрену, қадірлеу, қызығу, түсіну, сөйлеу, білу.
«Менің сүйікті тілім!» ойыны.
Өзара диалог құрастыру.
Тірек сөздер: қазақ тілі, үйрену жолдары, курсқа бару, қызықты ойындар, өзге ұлттар.
Презентация бойынша сөйлемдердің орнын дұрыстап қояды және мақалдардың жалғауларын жалғайды.
Мақалдардан өздеріне ұнаған біреуін таңдап алып, соған байланысты постер қорғайды.
Он сұрақ стратегиясы бойынша оқушылар топпен бір-біріне 10 сұрақ дайындап жауап береді.
Критерий арқылы бағалау.
4-тапысрма.
Тақырып бойынша бір-бір сөз айтады, қолдарындағы гүлді бір-біріне береді. Сөздер қайталанбауы тиіс.
Оқушылар зат есім және етістік тобы болып екі топқа бөлінеді.
Оқушылар топпен бірлесіп, өздеріне ұнайтын бір тілді таңдап, сол тілге байланысты синквейн әдісі бойынша өлең құрайды.
Оқушылар тірек сөздерді пайдаланып, диалог құрайды.
Оқушылар дұрыс сөйлем құрап, сөйлемдерді оқиды. Мақалдардың мағынасын ашады.
Оқушылар өз ойларын постерге салып, пікірлесіп, өзара ортақ тақырыпта топтық жұмыс жасайды.
Берілген сөйлемдерді аяқтап келу.
22.04.2015 ж
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту.
Сабақтың мақсаты: Тіл жайлы әртүрлі мақал-мәтелдермен, өлеңдермен жұмыс жасай отырып, тілдерін жаттықтыру, әдеби норманы сақтап сөйлеуге үйрету.
Сабақтың міндеті:
- 1.Мәтіндердің мағынасын түсініп оқуға үйрету;
- 2.Сұрақтарды талдау және солармен жұмыс жасау;
- 3.Қазақ тілінің ерекшеліктерін түйсіне білуге үйрету.
- Қолданылған модульдер: Сын тұрғысынан ойлау», «оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер», «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»,, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» , «Оқытуды басқару және көшбасшылық»
- Стратегиялық іс-әрекеттер: «Тізбек» ойыны, мақал бойынша топқа бөлу, шатасқан әріптер, «Ең жүйрік» ойыны, Екі жұлдыз бір тілек бағалау әдісі.
Ойыны, Бөлімі, уақыты
Бөлімнің мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
I.Кіріспе бөлім
10 мин
II.Негізгі бөлім
25 минут
III.Қорытынды
бөлім
8 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Топқа бөлу
Өткен тақырыпты еске түсіру.
Жаңа тақырып
Кері байланыс.
Бағалау
Үйге тапсырма
Сәлемдесу. Шаттық шеңберін құрып, «Тізбек» ойынын ойнау.
«Тілді қорлау – халықты қорлау» деген мақал бойынша топқа бөлемін.
«Бинго» ойыны арқылы өткен сабақты сұрау.
Шатасқан әріптер арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамыз.
1-тапсырмадағы мақалдарды жаттап, тез оқып беруден «Ең жүйрік!!» ойынын ойнаймыз.
Сөздерге фонетикалық талдау жасайды.
Ғ.Мүсіреповтің ана тілі туралы ғибратты сөздерін оқып, сұрақтарға жауап береді.
Фазеологиялық тіркестердің мағынасын ашып, ол жайлы сөйлемдер құрайды.
Инсерт стратегиясы бойынша бүгінгі сабақты қорытындылаймын.
Екі жұлдыз бір тілек бағалау әдісі арқылы бағалау.
5-тапсырма. М.Мақатаевтің «Үш бақытым» өлеңін жаттау.
Оқушылар тізбек бойынша шеңбер бойымен тіл туралы мақал айтады. Қай оқушы қателессе, сол жерден ойыннан шығады. Ең дарынды оқушы жеңімпаз атанады.
Алғашқы бөлігін алғандар 1-ші топ, келесі бөлігін алғандар екінші топ болады.
Оқушылар жазған үй тапсырмаларын топ болып, парақшаларға жазып қояды. Қай топ жылдам, әрі сауатты жазса, сол топ жеңеді.
Лті атудым. Осы шатасқан әріптерді орнына қойып, сабақтың тақырыбын ашады.
Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін байқаймын.
Тапсырманы дұрыс әрі жылдам орындаған оқушыны бағдаршам әдісімен бағалаймыз.
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, ана тілі жайлы ашық сұрақтар құрастырып, жауап іздейді.
Оқушылардың көркем сөйлей білу дағдысын қалыптастырамын.
Білемін, Білдім, Білгім келеді сызбасы арқылы сабақтан алған әсерлерін жазады.
Оқушылар сабақта не сәтті болды және нені өзгертсе, одан да жақсы болар еді деген принциппен тілек жазып қалдырады.
24.04.2015 ж
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ.
Сабақтың мақсаты: Өтілген тақырыптарды қорытындылау мақсатында тестпен, сәйкестендіру тестімен, бақылау сұрақтарымен жұмыс жасау
Сабақтың міндеті:
- 1.Оқушылардың оқыған дүниесінен белгілі бір қорытынды шығары білу дағдысын қалыптастыру;
- 2.Өткен тақырыптарға талдау жасай білуге үйрету;
- 3.Өз алған білімін саралап, жинақтап, бағалай білуге дағдыландыру.
- Қолданылған модульдер: Сын тұрғысынан ойлау», «оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер», «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»,, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» , «Оқытуды басқару және көшбасшылық»
- Стратегиялық іс-әрекеттер: Топтық жұмыс, «Ең дарынды топ» ойыны, «Бәйге»
- ойыны, Эдвард де Боно алты ойлау қалпағы, тестпен жұмыс, бағдаршам бағалау әдісі.
Ойыны, Бөлімі, уақыты
Бөлімнің мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
I.Кіріспе бөлім
10 мин
II.Негізгі бөлім
25 минут
III.Қорытынды
бөлім
8 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Топқа бөлу
Өткен тақырыпты еске түсіру.
Жаңа тақырып
Кері байланыс.
Бағалау
Үйге тапсырма
Сәлемдесу. Шаттық шеңбері бойымен бір-біріне тіл туралы сөздер тізбегін айту.
Тілшілер және ойшылдар деген екі топқа бөлу.
Ең дарынды топ стратегиясы бойынша өлеңді оқыту.
«Бәйге» ойыны арқылы өткен сабақтарға шолу жасау.
Топпен оқулықта берілген тест сұрақтарын талқылып, орындайды.
Эдвард Де Бононың «Алты ойлау қалпағы» арқылы тіл тақырыбын жан-жақты талқылау.
Ыстық орындық стратегиясы арқылы өткен тақырыптармен жұмыс.
Сұрақтар бұрқасыны арқылы оқушылар бір-біріне сұрақтар дайындап, соларды талқылайды.
Бағдаршам бағалау әдісі арқылы топтық бағалау.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл деген тақырыпта эссе жазу.
Оқушылар тіл деген сөзді естігенде қандай сөз ойларына келсе, сол сөздер тізбегін айтып шығады.
Оқушылар парақшада қандай сөз жазылса, сол сөз бойынша топқа бөлінеді.
Оқушылар өздері ақылдаса отырып, қызықты және ерекше етіп, өлеңді оқып шығулары керек. Барлығы бірлесіп, ұйымдасып орындаулары тиіс.
Оқушыларға өткен тақырыптардан оңай сұрақтар қойылады. Оған жылдам әрі дұрыс жауап берген топ бәйгенің бас жүлдесін алады.
Топтық жұмыс жасайды.
АҚ – ақпарат береді.
Қызыл – сезім.
Сары – жағымды тұстары
Жасыл – креативті идея, бір нәрсеге теңеу.
Қара – жағымсыз эмоция.
Көк – қорытындылаушы.
Оқушылар сұрақтармен жұмыс жасайды.
Өткен сабақтарды қайталау мақсатында сұрақтар тізбегін дайындап, соларды талдайды.
Оқушылар бір-бірін бағалайды.
Эссе жазып келеді.