Қазақ тілінен «Біріккен сөздердің емлесі» тақырыбының жоспары
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Ахметова Рабига Кушербаевна
|
Тақырыбы: Біріккен сөздің емлесі
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға біріккен сөздердің емлесі туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың жеке жұптасып, шағын топта жұмыс ісеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін, ойлау қабілетін дамыту, нақты шешім жасауға үйрету;
3. Тәрбиелік: Шығармашылық жұмысқа баулу, топпен жұмыс жасап, бірін-бірі тыңдай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау.
Көрнекіліктер: гүл, кестелер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
А) «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды жылдам жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі бергенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-біріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен... қолмен... құлақпен... тіземен... йықпен... өкшемен... арқамен.
Ә) Кезекшімен сұхбат.
Б) Бүгінгі сабағымыз 3 топқа («Ақыл», «Білім», «Тапқыр») болып бөлініп жүргізілетіні айтылады.
Үй жұмысын тексеру:
«Сиқырлы гүл» арқылы үй жұмысын тексеру. Гүлдің әр жапырағында үй тапсырмасы бойынша сұрақтар ілініп тұрады. Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді.
1. Сөздер тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Оларға сипаттама беріңіз.
2. Қосымша дегеніміз не? Толығырақ мәлімет беріңіз.
3. Сөздер құрамына қарай нешеге бөлінеді? Оларды атап шығыныз.
4. Күрделі сөздің қандай түрлері бар?
5. Біріккен сөз дегеніміз не және ол қалай жасалады?
6. Мына біріккен сөздердің жасалу жағынан қандай ерекшелік байқадыңыз? «Көкшетау» және «Есенгелді»
7. «Алакөл» сөзі қандай атауға жатады?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.87 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |