Қазақ тілінен дидактикалық сызбалар
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Нурмуханова Алма Хамитовна
|
Тасымал
Тасымал – сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру.
Тасымал буынға негізделеді. Яғни, сөздер тек буын жігімен тасымалданады. Мысалы:«Кереге» сөзін екі жолмен тасымалдауға болады: ке-реге, кере-ге;
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:
1. Тек бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға немесе жолда қалдырып кетуге болмайды. (а-та, ә-ке, арми-я.)
2. Бір буыннан тұратын сөзді тасымалдауға болмайды. (қант, төрт, бұлт.)
3. Қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды. (ТМД, КазҰУ, КазМУ, ҚР)
Ескерту: сөздердің бірінші буындарынан қысқарған сөз (кеңшар) бен бірінші сөздің бірінші буыны мен екінші сөзі толық күйінде қысқарған сөз (педколледж) тасымалданады.
4. Адам атының қысқартылып алынған әрпін фамилиясынан айырып бірінші жолда қалдыруға болмайды. (А.Қ.Жабаев, М.О.Әуезов, Қ.С.Мусин)
5. Қысқарған өлшем бірліктерін сандардан айырып тасымалдауға болмайды. (15 см, 20 кг, 100 г)
Екпін
Екпін – сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынның ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.
Қазақ тілінде екпін тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Сөзге қосымша жалғанғанда, екпін қосымшаға,яғни соңғы буынға ауысып отырады. Мысалы: Еңбек, Еңбекші, Еңбекшілер, Еңбекшілерді.
Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар:
1. Жіктік жалғауына екпін түспейді: оқушымын, барамыз т.б.
2. Болымсыз етістіктің жұрнағына
(-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) екпін түспейді: айтпа, барма, келме
3. Көмекші сөздерге екпін түспейді: ғой, шейін, соң, арқылы т.б.
Диалект сөз
Диалект сөз – белгілі бір аймақта ғана тек ауызекі тілде қолданылатын сөздер. Мысалы, «сым» сөзі Оңт.Қазақстанда ғана қолданылады.
Диалект сөздер көбіне кәсіби сөздер болып келеді.
Қазақ тілінде диалект сөздерге арналған арнайы диалектологиялық сөздік бар.
Кірме сөз
Кірме сөз – ана тілімізге шет тілінен енген сөздер. Мысалы:
Араб тілі: қалам, ғылым, отан, мұғалім, т.б.
Парсы тілі: тақта, дос, нан, апта, т.б.
Орыс тілі: парта, кино, цирк, т.б.
Кірме сөздердің көпшілігінде буын үндестігі сақталмай, дауысты дыбыстары жуан-жіңішке болып араласып келе береді.
Кірме сөздер – тілдің сөздік құрамын байытатын тәсілдердің бірі.
Кәсіби сөз
Кәсіби сөз – белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, өнерге байланысты қолданылатын және негізінен сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсінікті сөздер.
Мысалы: көнек, қауға, жылым, күнжара, ау, атыз, шиіт, сүзекі тоспай, торша, т.б.
Табу сөз
Табу сөз (бұрмалау) – қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөздер.
Табу – индонезия тіліндегі «тыйым салу»деген мағынадағы сөзден шыққан. Бұл ұғым қазақ салт-дәстүрінде жиі қолданылады. Мәселен, жаңа түскен келіннің күйеуінің туыстарын өз атымен атамай, оларға лайықтап ат қоюы: шырайлым, айдарлым, төре жігіт, мырза жігіт.
Табу сөздің көпшілігі әр түрлі наным-сенімнен, ырымдардан туындаған.
Мақал
Мақал - өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.
Оның мәтелден ерекшелігі:
1. Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады.
2. Ой нақты айтылады.
3. Ақыл-кеңес, үлгі-өнеге түрінде айтылады.
Жақсы бала ата-анасын төрге сүйрейді,
Жаман бала ата-анасын көрге сүйрейді.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық.
Мәтел
Мәтел – белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.
Оның мақалдан ерекшелігі:
1. Көбіне бір бөлімді болады.
2. Ой ишара, тұспал түрінде айтылады.
3. Көбіне эмоциялық мағына басым болады.
Көппен көрген- ұлы той.
Әлін білмеген әлек.
Ел құлағы – елу.
Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар.
Нақыл сөз
Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін,
мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. Мысалы:
Еккенің тіккен болса, орғаның балауса болмас. (М.Әуезов)
Омоним
Омоним - дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер.
Мысалы: «Жақ» сөзінің омонимдік мағыналары:
Адамның жағы
От жақ
Оң жақ
Маған жақ бол
Қара бояу жақ
Омонимдердің жасалу жолдары:
1. жұрнақ арқылы: шығыс (шық+ыс),
жастық (жас+тық);
2. Кірме сөз арқылы: бақ (парсышы – бақт), сап (арабша – саф);
3. сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырауы: біз (бігіз);
Қосымша:
Көп мағыналы сөз бен омоним сөздің айырмашылығы:
а) Омоним сөз жеке тұрып, бірнеше мағынаны білдіреді, ал көп мағыналы сөз екінші сөзбен тіркескенде ғана бірнеше мағынаны білдіре алады.
ә) Омоним сөздің мағыналарының арасында ешқандай мағыналық ұқсастық болмайды. Мысалы, адамның жағы, отты жақ дегендегі «жақ» сөзі бірінде есім сөз болып, дене мүшені білдіріп тұр, бірінде етістік ретінде қимылды білдіріп тұр. Ал көп мағыналы сөздің мағыналарының арасында ұқсастық болады. Мысалы, судық басы (бұлақ), таудың басы (шың) сөздің басы (сәлем) дегендегі «бас» сөзі бірінде «бұлақ», бірінде «шың», бірінде «сәлем» деген мағыналарды білдірсе де, бәрінде де бір нәрсенің басталу орны, басталар жері деген мағынаны білдіріп тұр.
Антоним
Антоним – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер.
Аласа – биік
Ұзын – қысқа
Суық – ыстық
Ақ – қараша
Жақын – алыс
Су жүрек – жүрек жұтқан
Синоним
Синоним – айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Мысалы:
а) сабырлы, байсалды, төзімді, ұстамды, салмақты, байыпты.
ә) бет, жүз, дидар, әлпет, келбет, ажар.
Синонимдерді қолданудың мынадай тәсілдері бар:
1. Алдыңғы сөйлемде немесе қатар тұрған тексте бір рет пайдаланылған сөзді қайталамас үшін оны басқасымен алмастырады. Мысалы: Ерегісте ер өлер, батыр егессе, екеуінің бірі өлер (Мақал). Айнала шабытты еңбек, қызу жұмыс.
2. Белгілі бір ұғымды түрлі белгілерімен жан-жақты сипаттап көрсету үшін синонимдер бір-біріне қарсы қойылып та тұра береді. Мысалы: Бет көрсе, жүз ұялады (Мақал). Қауіп бар жерде қатер бар (Мақал). Ақтамақ жымиса, ол ыржияды. Ақтамақ мырс етсе, ол жарқылдап күледі. (Ғ.Мұстафин). Ата дұшпан сен едің, ата жауың мен едім (Махамбет).
3. Белгілі бір ұғымды әр жақтан толық сипаттап беру үшін 2 немесе 3-4 синоним сөз қатарынан қолданылады. Мысалы: Балташ жолдасқа опашыл, уәдешіл болатын (Ж.Аймауытов). Жылатушы көп болса, уатушысы, жұбатушысы да мол болған ел сорлы бола ма ? (М.Әуезов). Дәл қасымызда үш бастау, қайнар, бұлақ бар (Ә.Тәжібаев). Жақып езіліп, еріп, балқып кеткен сияқты болады. (Ғ.Мұстафин). Ибалы, инабатты, ізетті жандар қазақта баршылық («Жас алаш»).
4. Тілдегі синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топтап та қолданғанымыз сияқты бұларды қосарлап та пайдалануға болады. Мысалы: күш-куат, құрбы-құрдас, ар-ұят, аман-сау, өсіп-өну т.б. Екі синоним сөз қосарланып қолданғанда бұлардың бұрынғы жеке мағыналары абстракцияланып ( яғни жалпыға айналып), білдіретін ұғымның көлемі кеңейеді. Мұндағы күрделі ұғым екі сөздің дара мағыналарының жиынтығынан шығады.
5. Қазақ тілінде мағыналас екі сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мысалы: кең байтақ ел, айдын шалқар көл, қырмызы қызыл жібек, заңғар биік тау, зәулім биік үй т.б.
6. Синоним тек жеке сөздерден ғана емес, фразалық тіркестерден де кездеседі. Көңілдегі көрікті ойды сөзбен кестелеп айтып беру үшін фразалық тіркестер де тілде орасан зор қызмет атқарады. Мәселен, Кеңес армиясы 1945 жылы неміс басқыншыларын талқандады деген сөздің орнына жермен - жексен етті, күлін көкке ұшырды десек, сөзіміз әлдеқайда күшті шыққан болар еді. Сондай-ақ екі синоним сөздің қатар қолданылғаны тәрізді мағына жағынан өте жақын екі фразалық тіркестер де қаз-қатар жұмсала береді. Мысалы: Қатерлі қауіп төнген күндер де өтті, итжығыс, бірде олай, бірде бұлай (Қ.Айнабекұлы). Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой – бұл да бір (Қ.Жұмаділов).
7. Синонимдерді жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен фраза күйінде ғана емес, араластырып та жұмсай беруге болады. Мысалы: Ақсақал абдырды, састы, қысылды, жан терге түсті (Ж.Аймауытов). Гүлнаш апай ақтарылмады, шешіліп сыр жармады (Т.Әлімқұлов).
8. Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі – парафраза. Бұл сөздің мәнісі жеке сөздің орнында оның түсінігін сипаттап беру болып шығады. Мәселен, Алматы дегеннің орнына Қазақстанның астанасы, М.Әуезов деудің орнына «Абай жолы» романының авторы, Күләш деудің орнына қазақтың бұлбұл әншісі деп қолдануға болады. Парафраза бір заттың белгілі бір қасиетінайрықша атап өткісі келгенде, немесе соған ерекше назар аудартып, ден қойғызу мақсатында қолданылады. Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлендіріп баяндау үшін де жұмсалады.
9. Мағынасы жағымсыз сөздердің мәнін тыңдаушыларға жеңілдетіп, жұмсартып айту тәсілін тіл білімінде эвфемизм деп айтады. Бұл да тіл мәдениетінің бір тәсілі болып саналады. Мәселен, өсек-аяң дегеннің орнына жаяу почта, ұзын құлақ, сымсыз телефон деп, өтірік сөз дегеннің орнына қоспа деп, өсекші дегеннің орнына жеңіл ауыз деп, пара дегеннің орнына ауыз бастырық деп, ұрлық дегеннің орнына жиендік деп, қартаю дегеннің орнына жасы ұлғаю деп жұмсартып қолдана беруге болады. Мәселен, М.Әуезов «Абай жолы» атты романында Абайдың өлімін мынадай эвфемизмдер арқылы бейнелеген: «Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан дүниеден көшті. Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңінде Абай және қаза тапты. Ұлы кеуденің демі тоқталды. Шел даланы жарып аққан дариядай игілік өмір үзілді. Сонау бір шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шығып, зәулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті». Мұнда жазушы Абай деудің орнына бірде ұлы жан, бірде ұлы кеуде, бірде игілік өмір, бірде зәулім өскен алып шынар деп парафраза тәсілімен ерекше назар аудартқызып отырған болса, өлді деген жағымсыз сөздің орнына дүниеден көшті, қаза тапты, демі тоқталды, үзілді, құлады, кетті сияқтанған эвфемизмдер қолданған.
А) Біріккен сөздің сыңарлары тұлғасын өзгертіп біріксе, оны кіріккен сөз деп айтады. Мысалы: Биыл (бұл жыл), бүгін (бұл күн), әкел (алып кел), апар (алып бар), ендігәрі (ендігіден әрі), жаздыгүні (жаздың күні) білезік (білек жүзік), қарлығаш (қара ала құс), ағайын (аға іні), қол
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 205.5 Kb |
Количество скачиваний: | 44 |