Қазақстан тарихы "Тарих және кеңістік"
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Серикбаева Кулшара Жаугашаровна
|
Қазақстан тарихынан әңгімелер . 5 «в» сынып
Сабақтың тақырыбы . Тарих және кеңістік
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Оқушыларға кеңістік ұғымы , қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдары туралы түсінік
беру.
Дамытушылық: Сабақ барысындағы тарихи оқиғалар мен фактілерді салыстырып, қорытынды
шығара білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, адамгершілікке , елін , жерін сүйе, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі
Сабақтың типі : Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі : Ауызша баяндау, сұрақ –жауап.
Көрнекілік : Сызбалар , кесте.
Құрал – жабдық : Карта.
Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру .
а) Сынып оқушыларын түгелдеу.
ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау , бағалау.
Тақырыбы:Тарих және уақыт
1. Тарихи уақыт межесі.
2. қазақша жыл санау.
ІІІ. Өткен сабақты бекіту.
1. Ертедегі адамдар уақыт межесін қалай анықтап отырған ?
2. Алғаш жыл санау қалай есептелді ?
3. Қазақша жыл санау деген не ?
ІҮ. Жаңа сабақ.
1. Кеңістік ұғымы.
Кеңістік – тоқтаусыз құбылыс . Ол шексіз деген мағынаны білдіреді.
Кеңістіктің негізгі қасиеттері - өлшем бірліктері.
Ең ежелгі тайпалар :
Әлемнің төрт бұрышы болған . Оң , сол , алдыңғы , артқы.
Сақтар .
Әлем үш сатыдан тұрады.
І саты төменгі - жер асты
ІІ саты ортаңғы - жер үсті
ІІІ саты жоғарғы – аспан әлемі.
Түріктер :
Тәңірге табынған. Тәңір - олар үшін әке.
Ұмай құдай – ана – балалар мен отбасының қамқоршысы. Ана .
Күнді , Аспанды, жұлдызды т.б қастерлеген.
Үйлерінің есігін шығысқа немесе оңтүстікке қаратқан.
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
1. Кеңістікті қалай түсінесің ?
2. Түріктер үшін Тәңір , Ұмай ананың орны қалай бағаланған ?
3. «Шартарап» деген не ?
ҮІ. Қорытындылау.
ҮІІ. Үйге тапсырма
Тарих және кеңістік
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 2.77 Mb |
Количество скачиваний: | 13 |