Қазақстан тарихы. Тақырыбы:Тас дәуірі тарауын қайталау 6 сынып

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың мақсаты:оқушыларға тас дәуірі тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау, оқушылардың білім деңгейлерін анықтау. Логикалық ойлау, оқиғаларды оқып үйрену, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Түрі: жарыс сабақ

Әдіс-тәсілдері:топпен жарыс, сұрақ – жауап, танымдық ойын.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

— Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ.

- Оқушыларды топқа бөлу. Әділ- қазыларын тағайындау.

- 1-топ«Палеолит»

- 2-топ«Мезолит»

- 3- топ«Неолит»

1-кезең. «Сенемін – сенбеймін».Шарты: әр топқа кезекпен төрт – төрттен 12 сұрақ қойылады. Бірінші топ жауап бермесе келесі топ жауап беруге болады. Әр дұрыс жауап 2-ұпаймен есептеледі.

«Палеолит» тобына сұрақ.

Тарих – адамзаттың басынан өткен оқиғаларды зерттейтін ғылым. Тарих сөзі арабша «зерттеу, оқиғалар туралы әңгіме» деген мағына береді. (сенемін)

«Мезолит» тобына сұрақ.

Тұрақ – тас дәуіріндегі адамдар мекендеген орын. Тұрақтар үңгірдегі және аспан астындағы болып екіге бөлінеді. Үңгір тұрақтарын адамдар бірнеше күннен мыңдаған жылдарға дейін мекендеген. (сенемін)

«Неолит» тобына сұрақ.

Археология – заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым. Археология атауы грекше « архео» — көне, «логос» — зерттеймін деген мағынаны білдіреді. (сенемін)

«Палеолит» тобына сұрақ.

Микролит – қола құралдардың өндіріске енген кезеңі. (сенбеймін)

«Мезолит» тобына сұрақ.

Мұз дәуірі – б.з.б. 100-13 мыңж. Орта палеолит пен мезолит аралығында жер бетін ұзақ уақыт мұз басқан кезең. (сенемін)

«Неолит» тобына сұрақ.

Синантроп – ақыл –ой қабілеті мен дене құрылысы бойынша алғашқы жаратылысынан әлдеқайда жетілген адам. (сенбеймін)

«Палеолит» тобына сұрақ.

Бифас – екі жағынан да өнделген қарапайым шапқыш тас құрал (сенемін)

«Мезолит» тобына сұрақ.

Терімшілік – жинау, теру. Алғашқы адамдар жер бетінде ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әр түрлі жеміс – жидектерді теру, жеуге жарамды тамырларды қазып алу, құстардың жұмыртқасын жинап қрек ету. (сенемін)

«Неолит» тобына сұрақ.

Ретушь – ағаш сапқа орнатылған, үш ашалы сүйектен және темірден жасалған ұштығы бар балық аулайтын құрал. (сенбеймін)

«Палеолит» тобына сұрақ.

Мамонт — палеолит дәуірінде Еуропа, Азия, Африка және Солтүстік Америкада кеңінен таралып, мұз басу кезінде құрып біткен, салмағы 5 тоннаға дейін жететін алып піл.(сенемін)

«Мезолит» тобына сұрақ.

Этнография – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы (сенбеймін)

«Неолит» тобына сұрақ.

Питекантроп – б.з.б. 1 млн.жыл бұрын өмір сүріп, тік жүру қабілетін меңгерген ерте палеолит адамы. Алғашқы питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралынан табылды. Миының көлемі – 950 см. 3. (сенемін)

2-кезең. «Жұмбақ жылдар». Шарты: берілген жылдарда қандай тарихи оқиға болғандығын айту керек. Дұрыс жауап бір ұпай.

«Палеолит» тобына сұрақ.

1. Б.з.б. 2,6 млн.- б.з.б. 40 мың жыл. ( ерте палеолит кезеңі)

2. Б.з.б. 140 – 132 мың жыл бұрын ( Шығыс Қазақстан жеріндегі Қанай қонысынан табылған тас құралдардың пайдаланған уақыты)

3. Б.з.б. 3000 – 1800 жыл (энеолит кезеңі)

4. Б.з.б. 3-2 мыңж. ( Ботай тұрағының мерзімі)

«Мезолит» тобына сұрақ.

1. Б.з.б. 2,6 млн. – 800 мыңж. ( олдувэй кезеңі)

2. Б.з.б. 40-12 мыңж. ( кейінгі палеолит кезеңі)

3. Б.з.б. 30-25 мыңж. ( Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағының уақыты)

4. Б.з.б. 12- 5 мыңж. ( мезолит кезеңі)

«Неолит» тобына сұрақ.

1. Б.з.б. 5 – 3 мыңж. (неолит кезеңі)

2. Б.з.б. 40 – 30 мыңж. ( «саналы адам»)

3. Б.з.б. 100 – 13 мыңж. ( мұз дәуірі кезеңі)

4. 1856 ж. ( неандерталь адамы табылды)

3-кезең. «Сен маған – мен саған».Шарты: үш топ бір – біріне үш сұрақ қояды. Дұрыс жауап бір ұпай.

4- кезең. «Ежелгі адамдар елінде».Шарты: топқа түскен адам туралы толық мағлұмат айту. Дұрыс, әрі толық жауап 3 ұпай.

«Палеолит» тобына сұрақ.

«Кроманьон» — адамның эволюциялық даму сатысында неандерталь адамнан соң қалыптасқан қазіргіге ұқсас саналы адам. Бұл адамның қаңқасын 1868 жылы Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылғандықтан, оны «кроманьондық» деп атайды. Миының көлемі – 1500 -1800 см. 3, бойы – 1,68 – 1,94 метр, жасы б.з.б. 40 мыңж.

«Мезолит» тобына сұрақ.

Неандерталь – 1856 жылы Германияның Неандерталь жотасынан қазып алынған орта палеолит кезеңінің адамы. Табылған жерінің атына байланысты «неандерталь адамы» деген атау алған.

«Неолит» тобына сұрақ.

Синантроп – ерте палеолитте өмір сүрген «тік жүретін адамның» екінші түрі. Алғаш рет 1927 жылы Қытайдағы Чжоу – коу – дянь үңгірінен қазып алынған. Миының көлемі – 1075 см.3, жасы б.з.б. 1 миллион жыл. Кейде синантропты « Қытай адамы» деп атайды.

5 – кезең. «Сандар сөйлейді».Шарты: жылдар айтылады. Дұрыс жауап саны 2 ұпай.

«Палеолит» тобына сұрақ.

- 1 млн. 750 мың ( епті адам)

- б.з.б. 2,6 млн. – б.з.б. 40 мыңж. ( ерте палеолит)

- б.з.б. 140 – 40 мыңж. (мустье кезеңі)

- б.з.б. 100 – 35 мыңж. ( неандерталь адамы)

«Мезолит» тобына сұрақ.

- 1 – 2 сантиметр ( микролит)

- 1938 жыл ( Тесіктас үңгірі, неандерталь баласы)

- б.з.б. 10 мыңж.бұрын ( егіншілік пайда болды)

- б.з.б. 5 – 3 мыңж. (неолит кезеңі)

«Неолит» тобына сұрақ.

- б.з.б. 800- 140 мыңж. ( ашель кезеңі)

- 7 метр – ( мустье кезеңіндегі Ш.Уәлиханов тұрағының қалыңдығы)

- 150 тұрақ ( неолит кезеңінің Жезқазған өңірінен табылған тұрақтар саны)

- 15 гектар, 158 тұрғын үй ( Ботай тұрағының аумағы, тұрғын үй саны)

ІІІ.Қорытындылау.Ұпайлар санын есептеп жеңімпаз топты анықтау.

ІV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма.

— тарауды толық қайталау;

— кескін картаны толтыру.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 427.98 Kb
Количество скачиваний: 65
Просмотров: 208

Похожие материалы