Қазақстан тарихынан сабақ жоспары. Тақырыбы: "Алтын киімді адам" (5 сынып)
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Нургазина Толкын Сайлаугазыкызы
|
Сабақ жоспары
Сынып: 5
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: «Алтын киімді» адам
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сақ дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштерлі сипаттай отырып, материалдық, рухани мәдениеттің көрсеткіші өнер туындыларымен сақтардың мәдени экономикалық даму дәрежесінің белгісі ретінде таныстыру
Дамытушылық: Картаның көмегімен сақ дәуіріне қатысты ескерткіштердің таралған аумағымен танысу, тарихи мәдени ескерткіштер негізінде сақтардың экономикалық, мәдени даму дәрежесін бағалап, талдап, ой қорыта білуге, ізденуге үйрету
Тәрбиелік: Сақтардың рухани және материалдық мәдениет ескерткіштеріне сүйене отырып, оқушыларды мәдениетті сүйіп, құрметтеуге, мәдениеттің адам өмірінде алатын маңызын түсіне білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дамыта оқыту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, кесте, картамен жұмыс, баяндау, интерактивті әдіс, тестілеу, сәйкестендіру, сөзжұмбақ шешу, ұяшық ашу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тақырыптық слайд, сәйкестендіру тесті, электрондық оқулық, сөзжұмбақ, карта, ұяшықтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2. Оқушыларды түгендеу, сабаққа бағыттау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Сәйкестендіру тесті
2. Дискуссиялық өрнек
3. Тестілеу
Тест жауаптары:
1. Дарий
2. Спаргапис
3. Геродот
4. Шығыс Қазақстан
5. Б.з.б. 570-520 ж.ж.
4. «Сақтар» ұяшығын ашу
С
А
Қ
Т
А
Р
С - Сақ қоғамы нешеге бөлінеді?(үшке: абыздар, жауынгерлер, егіншілер мен малшылар)
А - Парсы патшасы Кирді өлтірген сақ патшайымы? (Томирис)
Қ - Сақтарды скифтер деп кім атады? (Геродот)
Т - Сақтар кімдерге табынды? (Арауқтарға, отқа, күнге, жылқыға)
А - Сақ қоғамында абыздар қандай түсті киім киді? (Ақ түсті)
Р - Парсы патшасы Дарийді алдап, ерлік көрсеткен сақ малшысы? (Шырақ)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Есік қорғаны
2. «Алтын киімді адам»
1. Оқушыларға электрондық оулықтағы Қазақстан картасы арқылы Есік қорғаны орналасқан аймақты көрсете отырып, тақырыптық слайд негізінде Есік қорғаны, ол жерден табылған заттар туралы ауызша баяндай отырып, негізгі түсінік беру.
2. Қазақстанның түрлі аймақтарынан табылған «Алтын киімді адамдардың» суреттерін көрсету арқылы оқушыларға олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы түсіндіру, негізгілерін кесте ретінде жаздыру.
IV. Бекіту
Жаңа тақырыпты сөзжұмбақ шешу арқылы бекіту.
V. Бағалау
Ұяшық ашуда, тестілеуде белсенділік танытқан оқушыларды және сәйкестендіру тесті мен дискуссиялық өрнекті шешу арқылы сыныпты толық бағалау.
VI. Үй тапсырмасын беру
1. §18 оқып, мазмұндау
2. Алтын киімді адамдар туралы қысқаша хабарлама кітапханадан жазу (қолдануға ұсынылатын оқулық Ежелгі Қазақстан тарихы)
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 1.2 Mb |
Количество скачиваний: | 186 |