Қазақстан тарихынан сабақ жоспары. Тақырыбы: "Әмір Темір мемлекеті"(7 сынып)
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Нургазина Толкын Сайлаугазыкызы
|
Сабақ жоспары
Сынып: 7
Пән: орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Әмір Темір мемлекеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары жөнінде жалпы мағлұмат бере отырып, негізгі түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың карта, тірек кесте, топпен жұмыс істеу, ұшқыр ойлау қабілеттерін, тірек-конспект жазу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларға Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары туралы айта отырып, өз елін жаудан қорғай білетін батыл, ержүрек азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, тірек-кесте, хронологиялық кесте, карта, топпен жұмыс, ойын технологиясы, тестілеу (сәйкестендіру, толықтыру, баламалы тест)
Сабақтың көрнекілігі: карта, семантикалық карта, тірек-кесте, тақырыптық слайд, тест материалдары, «Жедел хаттар»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2. Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. «Жедел хат» ойыны арқылы ауызша сұрау
2. семантикалық картамен жұмыс
3. тестілеу
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Әмір Темірдің өмірбаяны
2. Әмір Темірдің Алтын Орда жері мен Моғолстан хандығына жасаған жорықтары
3. Әмір Темір жорықтарының зардаптары
1. Оқушыларға Әмір Темірдің өмірбаяны туралы тақырыптық слайдты көрсете отырып, ауызша баяндау.
2. Карта, хронологиялық кесте мен тірек кестені пайдалану арқылы Әмір Темірдің Алтын Орда мен Моғолстанға жасаған жорықтары жөнінде түсіндіру.
3. Әмір Темір жорықтарының зардаптары жайында оқулықты пайдалан отырып, оқушылардың өздеріне тірек кестені толтырғызу.
IV. Бекіту.
Жаңа сабақты толықтыру тесті арқылы бекіту.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 1.42 Mb |
Количество скачиваний: | 84 |