Қазақстандағы 1867- 1868 жылғы реформа.

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы 1867- 1868 жылғы реформа. Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: А) Ақпараттық құзыреттілік:  XIXғ саяси экономикалық жағдайдың ерекшеліктерінің мәнін ашу, 1867-1868ж.ж реформа туралы ақпарат беру. Ә) Коммуникативтік құзыреттілік:  Реформаның мәні, мақсаты негіздерін түсіндіре білу. Б) Проблеманы шешу құзыреттілігі:  Жер мәселесіне отарлық саясаттың заңды негізін жасап, орыс-казак қоныс аудару қозғалысына жол ашылғандығын, отарлық саясаттың түпкі мақсатын дәлелдеу. Оқыту технологиялары: Ақпаратты, деңгейлеп оқыту технологиялары. Сабақтың барысы: 1. а) Студенттерді жұмыс жағдайына енгізе отырып, бір-біріне сәттілік тілейді.  Ә) мұғалімнің кіріспе сөзі.  2.Жаңа сабақ. 1. «Қазақстан тарихы» атты электронды оқулықты ашамыз. 2.«Қазақстан тарихы» әрекетін басамыз. 3. Глоссарий әрекетіне кіріп «о» - әрпін басып –отар, отарлау сөздеріне мәлімет аламыз. 4. «1867- 1868 жылғы реформа» бөліміне кіреміз. 5. Ресей отарлау саясатының мақсатын анимация бөлімінен тыңдаймыз. 6.«1867- 1868 жылғы реформа«тақырыбындағы гипермәтінді (карта және суреттер бойынша) интерактивті тақтадан тыңдаймыз. 3. Жаңа сабақтың меңгерілуін тексеру: А) Басты оқиғалар әрекетіне еніп, хронологиялық жылдардағы оқиғаларды талдау. Ә) Тапсырмалар: 1-деңгей. Үшінші тапсырманы орындайды(картамен жұмыс) 2-деңгей Бірінші тапсырманы орындайды(есімдерін атаңыз бағытындағы жұмыс) 3-деңгей. Төртінші тапсырманы орындайды( қажетті даталарды қойып ұяшықтарды толтыру). 4. Сабақты бекіту: Тарихи оқиғаларды бағалау әрекетіне кіріп, тарихи оқиғаға баға беріп, оны баспаға беру бағытындағы жұмысты орындау.  5. Бағалау: Тестік тапсырмалар әрекетіне кіріп, 30 сұрақтан тұратын тестік тапсырманы орындау. Өз білімін өзі компьютер көмегімен бағалау. 6.Үй тапсырмасы: 3- деңгей. Хронологиялық оқиғалар бойынша кесте құрастыру. 2-1деңгей. Патшаның қоныстандыру саясатының халықтың дамуына ықпалы қандай болды? (ой- толғаныс)   Қызылорда  облысы, Арал  ауданы, №61  орта  мектебінің  тарих  пәні мұғалімі  Шыналиева  Күлшара  Әбілтайқызы.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.74 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 107

Похожие материалы