Здесь была ссылка на работу Киіз үй – көшпелілердің баспанасы. автора Балманова Шолпан Жибекалиевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Киіз үй – көшпелілердің баспанасы. Сыныбы: 6 Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: · Киіз үй туралы толық мағлұмат беру; · Киіз үйдің қазіргі уақытта қолданылуы; · Оның қажеттілігі мен ерекшелігі. ә) Тәрбиелік: · Қазақтың салт-дәстүрін дәріптей отырып, қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу. б) Дамытушылық: · Өз ойын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; · Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: интербелсенді тәсіл, түсіндірмелі-иллюстративті, баяндау, талдау, жинақтау. Пәнаралық байланыс: Математика, геометрия, қазақ әдебиеті, география, халық педагогикасы, бейнелеу, информатика, физика, өзін-өзі тану. Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, бейнебаян, суреттер, асықтар, киіз үйдің макеті. І. Ұйымдастыру кезеңі. - Оқушылармен сәлемдесу; - Оқушыларды түгелдеу; - Үй тапсырмасын тексеру және дайындалуға уақыт беру. 1-топ. Жайлау 2-топ. Күзеу 3-топ. Қыстау 4-топ. Көктеу Әр топ өз атауларына сипаттама беру. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1. Отырықшы мал шаруашылығынан көшпелі мал шаруашылығының айырмашылығы? 2. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себептері? 3. Көшпелі мал шаруашылығы үшін таңдалған мал түрлері 4. Көшпелілер нені білуге тиіс болды? 5. Көшпелі мал шаруашылығы Қазақстанның қай аудандарында жақсы дамыды: 6. Көшпелілер қандай заттар ойлап тапты? ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Киіз үй сонау ежелгі заманнан бері көшпелі тайпалардың баспанасы болып келген. Оның арғы тегі арба үстіне орнатылған күйме үй. Ал киіз үйдің қазақ даласында пайда бола бастауының өзіне үш мың жылдай уақыт өтті. Оның сонау ерте заманнан бүгінгі күнге дейін мал шаруашылығымен айналысатын халықтардың сенімді серігі болып келуінің себебі неде? Киіз үй ең бірінші – көші-қонуға қолайлы баспана. Оны тез жығуға, шапшаң тігуге болады. Ал “киіз” үй аталуында да ерекше мән бар. Киіздің ыстық пен суықты өткізбейтін қасиеті – киіз үйдің аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да оған аппақ киіз жабады. Осы арада неге ақ болуы керек деп сұрауларың мүмкін. Ақ басқа түске қарағанда күн сәулесін жақсы шағылыстырып, жылуды аз сіңіреді. Бастарыңа ақ қалпақ кигенде күннің бәсеңдеп қалатынын естеріңе түсірсеңдер болғаны. Сонымен сендер киіз үйдің ең басты екі қасиетін білдіңдер.Киіз үйдің дөңгеленіп тігілетін себебі – бұл оның дауылдан, жауын-шашыннан , жер сілкінісінен сақтану мүмкіндігін асырады. Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Киіз үй қазақ халқына ғана емес, бүкіл әлемге танымал. Мәселен қазіргі таңда АҚШ, Франция, Шотландия, Қырғызстан мемлекеттер пайдалануда. Шотландияда оқушылар осы киіз үйдің ішінде оқиды екен. Ал, Франция халқы баспана ретінде қолданса, ал АҚШ-та медитация жасауға ыңғайлы орын деп есептейді екен. Медитация – адамның ішкі энергиясын жинақтауға арналған арнайы жаттығу. (лас рухтан тазарту жаттығуы) «Ғажайып үштік айдары» Бейнекөрсетілім қойылады. ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. «Сәйкестендір» Қыстау Көктеу Жайлау Күзеу 1.Киіз үйді неден бастап құрады? Сықырлауық 1. Қай елде киіз үйді медитация жасауға ыңғайлы деп есептейді Шерқала 1. Жеті кереметтің бірі 3 мың жылдықта 1. Малды ұзағырақ жаюға қолайлы жайылым Қыстау 2. Шаңырақ пен кергені қосып тұрған бөлшек Шаңырақ 2. Оқушыларды киіз үйде оқытатын ел Киіз үй 2.Ат үстінде тұрып уық шаншып тігітен үй Киіз үй 2. Көшпелі малшаруашылығына таңдалған мал түрлері Сиыр 3. Қос босағадан және жарма беттен тұратын зат Түндік 3. Киіз үйге ұқсас тау АҚШ 3. Ең үлкен киіз үй неше қанат болады Қол дәуірі 3. Қоныс маңынан жылы жайлары орналасқан тұрақ Жайлау 4. Қазақта киелі саналатын киіз үй бөлшегі Кереге 4. Ертедегі малшыларға тән баспана Франция 4. Киіз үй қай уақытта пайда болды Ақ орда 4. Көшпелілер ойлап тапқан заттар Қойлар, жылқылар 5. Киіз үйдің мұржасы Уық 5. Қай елде киіз үй қолайлы тұрғын үй деп таныған Шотландия 5. Киіз үй қай дәуірден бастап қолданыста Отыз 5. Аранайы жем-шөп әзірлеуді қажет ететін түлік Ат-әбзелдері, киіз үй бұйымдары Ү. Бағалау ҮІ. Үйге тапсырма. Түсінік айту, оқушылар шығармашылығы «Киіз үй – көшпелілер баспанасы» Айнұр Алдабергенова, №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп интернатының қосымша білім беру педагогі.