Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Предмет:
История
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Балманова Шолпан Жибекалиевна
Здесь была ссылка на работу Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов автора Балманова Шолпан Жибекалиевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов. Мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмір жолдары мен ғылыми қызметі туралы мағлұмат беру. Оның еңбектерімен таныстыру. Дамытушылығы:Оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыласын арттыру.Қазақтың біртуар азаматтарының бойындағы қасиеттерінен үлгі алып, өз бойларына қалыптастыру.Тарих тілінде сауатты сөйлеуге үйрету. Тәрбиелік: Оқушылардың өз Отанын, жерін, туған елін құрметтеуге үйрету. Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, плакат, сөзжұмбақтар, «Шоқан ұлы ғалым» атты буклет топтамасы, ғалымның шығармалары, «Дала жұлдызы» кітабы, Шоқанның таңдамалы шығармалар жинағы, Шоқанның портреті, үлестірмелі қағаздар. Сабақтың әдісі: Трен сигналдары арқылы оқыту технологиясы. Сабақтың түрі: Кіріктірілген. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын алдыру. II. Үй тапсырмасын сұраймын. III. Жаңа сабақ. 1. Ұйғыр, дүнген халықтары бір бөлігінің Ресей қоластындағы аймақтарға қоныс аудару себебі неде? 2. Ұйғыр, дүнгендердің шаруашылық өміріне сипаттама беріңдер. 3. Ұйғыр, дүнген еңбекшілерін кімдер, қалай қанады? Жаңа сабақ. Жоспар 1. Шоқанның өмір жолдары. 2. Шоқанның ғылыми қызметі. 3. Шығыстың аққан жұлдызы. XIX ғасырдың екінші жартысы –орыс демократиялық мәдениетінің көтерілген кезеңі. Қазақстанды игеру қажеттігі және орыс-қазақ қатынасының тереңдеуі өлшемі зерттеу барысында әсер етті. Шоқан Уәлихановтың шын есімі –Мұхаммед Қанапия, ал Шоқан анасының еркелетіп қойған аты. 1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісіде туған. Шоқан балалық шағын әуелі Құсмырында, содан кейін өзінің атамекені Сырымбетте өткізген.1847 жылдың күзінде 12 жасында Шоқан туған елінен тұңғыш рет сапар шегіп , әкесімен Омбыға келеді. Әкесіні өзінің орыс достары көмегімен баласын сол кездегі ең алдыңғы қатарлы оқу орнына, Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Пушкин мен Лермонтовтың поэзиясы Шоқанға әсер етті. Батыс және Шығыс елдерінің бірқатар тілін жетік білген Шоқан шығармашылық еңбек етуді аңсады. 1855 жылы ол генерал Г.Х. Гасфорттың сапарына қатысып, Жетісу,Тарбағатай,Орталық Қазақстанды аралады,Іле Алатауы өңірінде болды . Шоқан тарихи аңыздарды, өлеңдерді жинай жүреді. 1857 жылы Ш.Уәлихановтың Алатау қырғыздарына сапары Қашқар экспедицияссының алдындағы сын қадам болды. «Манас» атты алып шығармаға көңіл аударды. Саяхатшылар Зерттеулер Тарихшылар 1. Абылай хан қайда жерленген? 2. Қазақ жеріндегі Ресей резиденциясы Қапал бекінісін қай жылы салды? 3. Ш. Уәлихановты әлемге әйгілі еткен қандай еңбек? 4. Шоқан Абылайға кім болды? 5. Қай жылдары Ш. Уәлиханов Сібір кадет корпусында білім алды? 6. Шоқанның әйелінің аты кім? Тірек сигналдары пайдаланылып, тапсырма беріледі. Мәселен «1835-1865» деген жазуды ұсынамын. Музыка кілтін көрсетсем «Шоқан және музыка», Қылқалам мен қобыз Шоқанның еңбектері, Глобус Шоқанның жүрген жолын баяндайды. Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсариннің еңбектерін венн диаграммасы арқылы салыстыру. Зерттеуші Ағартушы Шоқан Аудармашы Ғалым Саяхатшы Философ Этнограф Тарихшы 1.Шоқан қай жылы туылды? 1. 1830 2. 1835 3. 1840. 2.Шоқанның өскен жері? 1.Құсмұрын. 2. Сырымбет. 3. Омбы. 3.Шоқанның өз атасы кім? 1.Шыңғыс. 2. Абылай. 3. Уәлихан. 4. Шоқан қай жылы қайтыс болды? 1. 1875. 2.1885. 3. 1865. 5. Шоқан кадет корпусын қай жылы аяқтады? 1. 1853. 2. 1854. 3.1865. Сөзтуым- « Шоқан ұлы ғалым» 1. Шоқанның әкесінің аты кім? 2. Шоқанның білім алған қаласы? 3. Шоқанның туған өлкесі? 4. Шоқанның арғы атасы? 5. Қазақтың тұңғыш ғалымы? 6. «Аққан жұлдыз» романының авторы? 7. Шоқанның атасы? 8. Зерттеген лироэпостық поэмасы? 9. Шоқанның әжесі? 10. 1858-59 жылғы сапары? 11. Шоқанның қайтыс болған жері? 12. 1857 жылғы сапары? 13. Ыстықкөл сапарында зерттеген поэмасы? Бекіту сұрақтары: 1. Шоқан кім болған? 2. Оның қандай еңбектерін білесіңдер? 3. Шоқанның орыс достары кімдер? 4. Шоқан Уәлиханов білім шыңына қалай көтерілді? 5. Шоқан ғылымның қандай салаларын меңгерген? Үйге тапсырма: Парагроф 25. Шоқанның өмір жолдары туралы әңгіме жазып келу. Бағалау. Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектебінің директоры, тарих пәні мұғалімі Тлепов Кенжебек Шарапатович .