Здесь была ссылка на работу Ассирия патшалығы автора Mұратаев Бекжан Кеңесұлы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Пәні: Ежелгі Дүние тарихы Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Ассирия Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ежелгі қосөзен мемлекеттердің тарихымен таныстыру Сабақтың міндеттері: а) білімділік: Ежелгі Ассирияның табиғат жағдайлары,шаруашылығы,мемлекеттің құрылуы туралы білім беру. ә) дамытушылық: Оқушылар ежелгі мемлекеттерді талдай отырып, өзіндік обьективті баға беруге үйрету,ой-өрістерін дамыту, б) тәрбиелілік: Ежелгі Ассирияның жауынгершілік өнерінде көзге түскен, батырлардың ержүрек, батыл да адалдық қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Сабақтың типі: Ойын,көрініс сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,баяндау. Сабақтың көрнекілігі: карта, схема, слайдтар. Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру кезеңі. 1) Сәлемдесу 2) Түгелдеу 3) Сынып тазалағына назар аудару 4) Оқушылар назарын сабаққа аудару ІІ.Үй тапсырмасын §7 Ежелгі Египет 1 Мұғалім; Сәлеметсіздерме оқушылар! Бүгін біз Ежелгі қосөзен мемлекеттеріне саяхат жасасақ қалай қарайсыңдар? Ол үшін біз ханшайымды шақырсақ 2 Ханшайым; Сәлеметсіздерме оқушылар,мені не үшін шақырдыңыздар? 1 Мұғалім; Ханшайым сізді шақырған себебіміз,сіздің сиқырлы тайағыңыз арқылы Ежелгі қосөзен мемлекеттеріне саяхат жасағымыз келеді, 2 Ханшайым; Онда мен Вавилон патшасын шақырайын 3 Вавилон патшасы; Мен қай жердемін өзі? 2 Ханшайым; Мырзам, сіз білімді балалардың ортасындасыз,сізбен оқушылар танысқысы келеді 3 Вавилон патшасы; Олар менім кім екенімді білема?(Оқушылар арасынан патшалықтың тарихын қысқаша айтып береді) 3 Вавилон патшасы; Дұрыс?(Оқушылар арасынан бірі сұрақ қояды, әлемнің 7 кереметінің бірі «Аспалы бақ«сіздің кезіңізде салынды ма?) Ия?(Оқушылар арасынан тарихы айтылады) 3 Вавилон патшасы; Оныда білесіңдер ма? 3 Вавилон патшасын; Әрине, бұл оқушылар өте білімді 3 Вавилон патшасын; Неге бұнда Египет патшаларын шақырмадыңдар 4 Египет патшасы; Кім менің мазамды алған? 2 Ханшайым; Айып етпетпеңіз,біз сіздің патшалығыңызбен танысқымыз келеді 4 Египет патшасы; Онда менің 3 сұрағыма жауап беріңдер,әйтпесе бастарыңды алуға бұйырамын 1 сұрақ; Египет ежелгі заманда недеп аталды? 2 сұрақ; Египет билеушілерін атаңдар? 3 сұрақ; Египет несімен мақтан алады? (оқушы арасынан сұрақ, пирамида қалай салынды?) 4 Египет патшасы; Әлі күнгедейін құпиасын таппадыңдарма?айтпаймын,өздерің өскенде құпиясын табарсыңдар,әрине шамаларың жетсе ІІІ Жаңа сабақ 1 Табиғат жағдайлары 2 Ассирияның шаруашылығы мен қоғамдық құрлысы 3 Ассирия мемлекетінің құрлуы Ассирия мемлекеті «Ассирия» — біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың бас кезінде Тигр өзенінің орта ағысы тұсында (қазіргі Ирак аумағы) құрылған ірі мемлекет. Ассирияның болашақ астанасы Ашшур қаласы маңызды сауда жолдарының бойында орналасты. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда осы қала басшылары көрші территорияларды жаулап алып, Ассирия мемлекетінің негізін қалады. Көп ұзамай Вавилон ықпалына түскенімен, ол әлсірей бастаған уақытта қайтадан тәуелсіздікке қолы жетті. Біздің заманымыздан бұрынғы 14 ғасырда Митанияны жаулап алып, қуатты мемлекетке айналды. Хет патшалығы құлағаннан кейін Ассирия билеушісі Тиглатпаласар І (біздің заманымыздан бұрынғы 1115 – 1077) бірнеше сәтті жорықтар нәтижесінде мемлекет шекарасын Вавилоннан Мысырға дейін кеңітті. Бірақ Арабиядан келген арамейлердің шапқыншылығына ұшырағандықтан бір жарым ғасыр бойы құлдырау кезеңін бастан кешірді. Тек біздің заманымыздан бұрынғы 10 – 9 ғасырларда ғана мемлекеттің жағдайы тұрақтанып, күш-қуаты арта түсті. Тиглатпасар ІІІ билігі кезінде Вавилон жаулап алынып (біздің заманымыздан бұрынғы 729 ж), империя шекарасы Жерорта теңізінің жағалауына дейін жетті. Ассирия Саргон ІІ билігі кезінде Урарту мен Израильді, оның немересіАсархаддон патшалық құрған уақытында Мысырды талқандады. Ашшурбанипалдыңкезінде (біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың ортасы) Ассирия өзінің күш-қуатының шырқау шегіне жетті. Оның шекарасы Мысырдан Мидияға, Жерорта теңізіненПарсы шығанағына дейін созылып жатты. Мемлекет астанасы Ниневия өзінің сән-салтанатымен, архитектурасымен әйгілі болды. Қала кітапханасында түрлі мәтіндер жазылған 20 мыңнан астам бедерлі тақталар сақталды. IV. Пысықтау сұрақтары: 2 Ханшайым; Абыз мырза,мен оқушыларға Ассирия патшасын шақыртайын ,сұрақтары болса соған қойсын 5 Ассирия патшасы; Мен осындамын ханшайым,келгенімеде біраз болды,айтқандарыңдұрыс екен,бірақ Ирак дейме қай ел ол ,менің еліме қандай қатысы бар? 2 сұрақ; Ассирияның шаруашылығы қандай? 3 сұрақ; Ассирия мемлекеті қалай құрылды? V. Қорытындылау: «Ассирия» — біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың бас кезінде Тигр өзенінің орта ағысы тұсында (қазіргі Ирак аумағы) құрылған ірі мемлекет. VІ.Оқушылар білімін бағалау.Оқушылардың әр кезеңге жауап беру деңгейлеріне қарай бағалаймын. VІI.Үйге тапсырма. : Ежелгі Ассирия.