Тың және тыңайған жерлерді игеру

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
                Тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру. Сабақтың  тақырыбы:Тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру. Сабақтың  мақсаты: 1. Оқушыларға   Қазақстандағы  тың  және  тыңайған  жерлерді  игерудің  себептері  мен  салдарын   оқыту. 2.Оқушылар  топта  жұмыс  істеу,  пікірлесу,  өзара  көмек  беру арқылы  икемділіктері  мен  дағдыларын  қалыптастыру. Сабақтың  әдісі: Ой  қозғау,  еркін  жазу,  пікірталас,  жиксо,  болжам  жасау. Сабақтың  түрі:  зерттеу,  ізденіс. Сабақтың  типі:  жаңа  сабақты  меңгерту. Сабақтың  барысы:  І.  Ұйымдастыру  кезеңі.                                       ІІ. Үй  тапсырмасын  сұрау. Қызығушылықты  ояту. С. Мәуленовтың  «Дала  дәптерінен»  үзінді  оқылады. Көнбей  адам  ырқына Жаңа  атқан  тың  дала Жаңа  совхоз  жұртында Жалғыз  шатыр Бір  қада. Боран Боран Бұрқыраған Бастырмайды бір қадам. Қарды аспан диірмені Бұрқыратып ұнтаған Күресіңді күрт бұзып, Жел күреді сапырып Көкте ойнады бұлт жүзіп Найзағайы атылып. Жалғыз шатыр Бір қада- Кіші-гірім бір қала Жасыл боран- Жас егін Тұсыраған тың дала                            Оқушылармен пікір алмасамыз. -Өлеңді тыңдап отырғанда не туралы ойландыңыз? -Көз алдыңызға не келеді? -Өлең мәтінінен ойыңызда не қалды? -Осы өлеңнен қандай мәлімет алуға болады?                                          « Мағына тану» сатысы.      Оқушылар  бастапқы  және  эксперттер  топтарына бөлінеді. Әр  топқа оқулықтағы  мәтінді  бөліп  беремін.(Жиксо әдісі). Әр  топ  мәтіннің белгілі  бір  бөлігін  оқып  талқылайды. Бұл  топтар  эксперттер  деп  аталады. Оқып  талқылап  болған  соң  оқушылар  бастапқы  топтарына  жиналады. Әр  эксперт  өзі  оқыған  бөлігін  түсіндіреді.                          «Ой толғаныс»  сатысы. I.                  Мәтін  бойынша  оқушыларға  сұрақ  қойылады: 1.     Тың  игерудің  негізгі  мақсаты  не  болды? 2.     Қазақстанда  қанша  жер  жыртылды? 3.     Тың  игеру  қалай  жүзеге  асырылды? 4.     Тың  игерудің  қандай  зардаптары  болды? 5.     Тыңнан  кейін  елімізде  астық  проблеммасы  шешілді  ме? 6.     Қазіргі  уақыт  тұрғысынан  алып  қарасақ  тың  игеру  қазақ  халқына  не  берді?     ІІ.Пікірталасқа  арналған  сұрақтар  беріледі.   Тың  игеру  республика  халқының  шаруашылығы  мен  тұрмысын  жақсартуға  пайдасы  тиді  ме?    Әр  топ  сұрақты  талқылайды,  өз  ойларын  айтады.Содан  кейін  дискуссиялық  картаны  толтырады. Дискуссиялық  карта.   Тың  игерудің  республика  халқының  шаруашылығы  мен  тұрмысын  жақсартуға  пайдасы  тиді  ме? Ия Жоқ 1.Тың- республиканың  экономикасын, ғылым  мен  мәдениетін  дамытудың  қуаты,  тездеткіші  болды. 1. Жер  эрозияға  ұшырады. 2. Қазақстан  ірі  астық  өндірушіге  айналды.Қазіргі  таңда  Қазақстан  астығы  40  мемлекетке  жөнелтілді. 2. 26  млн-ға  тың  жердің  8  млн-ға  құнарлылығын  жоғалтып,  айналыстан  шығарылды. 3. Тың  жылдары  автомобиль жолдарының  ұзындығы  2,5  мың  км-ге  өсті. 3. Астықтың  бағасы  оның  өзіндік  құнынан  әлдеқайда  төмен  болды. 4. 337  жаңа  астық  совхозы  құрылды. 4.Егін  орағы  экономиканың   басқа  салаларынан  орасан  көп  техника  мен  адамдарды  қатыстыра  отырып,  аттандау  әдісімен  жүргізілді.  5. 90  мың  км  электр  желісі  тартылды. 5.Мал  шаруашылығына  кері  әсері  болды. 6.Ауыл  шаруашылығының  көптеген  салалары  өрге  басты. 6.Халықтың  демографиялық  құрамы  өзгерді. 7.Материалдық-техникалық  база  нығайтылды. 7.Қазақ  мектептері  жабылып,орыс  мектептері   көбейе  бастады,  жалпы  қазақ  тіліне,  мәдениетіне  нұқсан  келтірілді.       Әр  топ  лидерлері  арқылы  жауап  береді,  пікір  таластырады. Пікірталастан  кейін  қорытындысы  жазылады. Оқушылармен  бірлесе  отырып,   мынадай  қорытынды  жасалынады. «Тың  игеру  жайы  ой  елегінен  өткізіліп,  ғылыми  негізде,  нақты  жүйелі  бағдарламалар  жүргізілуі  керектігі  айтылады».  ІІІ. Сабақты  қорытындылау.  Оқушылар,  бүгінгі  сабақтан  біз  не  білдік?  Оқушылар  кезек-кезек  жауап  береді. ІV.Үйге  тапсырма  беру. «Тың  игеру  қазақ  халқына  не  берді?» Тақырыпқа  байланысты   эссе  жазу. Н.  Назарбаевтың  баяндамасын  оқу. V. Бағалау.   Қызылорда  облысы, Арал  ауданы, №61  орта  мектебінің  тарих  пәні мұғалімі  Шыналиева  Күлшара  Әбілтайқызы.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.37 Kb
Количество скачиваний: 40
Просмотров: 161

Похожие материалы