Қайталау сабағы. «Қазақ хандығына саяхат»

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Сабақтың тақырыбы:     Қайталау сабағы.    «Қазақ хандығына саяхат» Сабақтың мақсаты: Қазақ хандарының шығу тегін, Қазақстандағы хандардың мақсатын, ұстаған бағытын түсіндіру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту. Оқушыларды өз Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: ашық сабақ, сабақ- саяхат Әдіс- тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ- жауап, проблемалық сұрақтар, кесте, сызба, картамен жұмыс, топтық жұмыс. Көрнекілігі: интерактив тақта, плакат, хандар суреттері, сызбалар, карта, карточкалар. Сабақтың барысы: Эпиграф Адам ғұмырының мәні өмірінің ұзақтығымен емес.  Соңында қалдырған өнегелі үгісімен, өрнекті ізімен, кемелді ісімен өлшенеді. Мұрат Иман Жапар   Бүгін біз сендермен «Қазақ хандығы жеріне» саяхатқа шығамыз,атақты хандарының істерімен танысамыз. І. Әр ғылымға кілт- сұрақ белгісі болады. Бізге да ең біріншіден Қазақ хандығының қақпасын ашу керек /кілт көрсетіледі/. Осындан сұрақ: Биыл 2014 ж Қазақ хандығына неше жыл?  / 548 жыл / Қазақ хандығының атақты хандары кімдер? / Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Тәуке /   1.Қазақ хандығының іргесін қалаған кім?                                              (Керей мен Жәнібек)   1.Жәнібек пен Керей қай хандықтан бөлініп кетті?                                              (Әбілхайыр хандығы)   2.Қасым хан кімнің баласы?                                              (Жәнібектің)  3.Жәнібек пен Керейдің алғаш орда тіккен жері?                                                           (Қозыбасы, Батыс Жетісу)  4. Жәнібек пен Керейге жер беруші хан?                                                           (Есенбұға)   5.Қасым ханның заңы қалай аталады?                                                           («Қасым ханның қасқа жолы»)  6. « Қасым хан тұсында қазақ хандығының астанасы қай қала болды?»                                                                                         (Түркістан)
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 24.41 Kb
Количество скачиваний: 56
Просмотров: 172

Похожие материалы