Қазақстанның ежелгі қалаларының зерттелу тарихы

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ЕЖЕЛГІ  ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ                                                                                               Қазақтың көне тарихының басым бөлігі әлі де толық зерттелген жоқ. Жарыққа шығып, жұртқа белгілі болғанының өзінің бір жүйеге түспеуі, кейде қарама-қарсы пікірлерді туғызуда. Мәселен, Дешті Қыпшақтың анасы болған Сыр бойының тарихы, ондағы халық хақында, қалалардың әлеуметтік маңызы жөнінде көпшілік қауым хабардар емес.            Қазақ халқының еншісіне тиген жердің табиғаты бай болып, бұл жерді бабаларымыз ерте заманнан игеріп, өздерінің Отанына айналдырып, оны көзінің қарашығындай қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалдырып келген. Осындай тамаша жерді мекендеген қазақтардың ауызекі әдебиетінде: «Жері байдың, елі бай» деген қанатты сөз өзінің жеріне негізделіп айтылған.           Адамдар ерте замандардан-ақ баспана салуды, егін егуді білген. Сөйтіп, отырықшы мәдениеттің іргетасы алғашқы қоғам кезінде-ақ қаланған. Сол кездің өзінде өздерін қоршаған табиғи-географиялық жағдайға икемдеп, көп салалы шаруашылыққа негіз салған: отырықшылық, жартылай отырықшылық және көшпелілік пайда болған. Оларға қосымша, қосалқы шаруашылықтар келіп шыққан: балықшылық, аңшылық, қолөнер кәсібі және т.б. Алғашқы қоғамда пайда болған қоныстар антикалық және орта ғасырда кең өріс алып, олар белгілі қалалар, бекіністер дәрежесіне жеткен. Әсіресе, жоғарыда атап көрсеткендей, ертеден отырықшылықтың мекені болған Қазақстанның оңтүстігінде, Ұлы Жібек жолының бойында, оның көп  тармақтарында қалалар ертеден салынған. Осындай ертедегі отырықшылық мекені - Сырдария өңірі. Бұл аймақты Хорезм археологиялық экспедициясы зерттеп, алуан санды отырықшы мәдениеттің орталығы болған қалаларды ашты. Ол қалалар өздерінің өмірін антикалық заманнан бастаған. Сырдарияның төменгі ағысынан сол дәуірдің бекіністері, қалалары ашылды: Шағырлы-1,2  бекінісі, Бабиш-мулла, Чирик-Рабат, Инкарқала, Ақтөбе қалалары және т.б.          Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірлерінен көптеген ортағасырлық бекіністер мен қалалар ашылып, «Ұлы Жібек жолының картасында» сол қоныстар берілген.   Карта бойынша, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу өңірлерінің ортағасырлық қалалары антикалық дәуірдің соңғы кезеңінен бастап, ертедегі орта ғасырды толығымен өз ішіне алады. Ол қалалардың ішінде антикалық дәуірдің бел ортасында іргесі қаланған қоныстар да болған. Өйткені біздің жыл санауымыздың басынан пайда болған қалалар деп сол ескерткіштердің үстіңгі қабатынан табылған деректерге қарап, сол қалалардың жасын шамамен белгілеген болуы керек. Себебі, Қазақстанда ортағасырлық ескерткіштер ХХ ғасырдың 40-50 жылдары  ішінде оңтүстікте кең көлемде зерттеле бастады.           Орта ғасырдағы түріктің данышпан ойшылдары түрік халқын жалпы көшпелі демеген. Керісінше олардың ертеден отырықшы болып, қала мәдениетін дамытқанын басып айтқан. Бұл пікірді осы күнгі Түркияның ғалымдары да мойындайды: «XI ғасырдағы түрік қауымдарының өмір сүру ерекшеліктері туралы Махмұд Қашғаридің берген мағлұматтары, соның ішінде аталған уақытта түріктердің басым көпшілігінің отырықшылыққа ауысқандығы жайында айтуы шындығында да өте маңызды. Шындығында да,  оның еңбегінде Жоғарғы Нарым, Іле және Орта Сырдария арасындағы аймаққа орналасқан 40-тан астам үлкен түрік қалалары мен қалашықтарының, ауылдарының аттары жазылып, ол өмір сүрген уақытта түріктерде отырықшылықтың кең етек алғандығы жайында жақсы әңгіме болады».  Бұл пікір жалпы шындыққа жанасады. М. Қашқари және Ж. Баласағұнилер түріктердің көпшілігінің отырықшы болғанын баяндаған. Бірақ түрік ғалымының пікірлерінің кейбір жерлерін анықтауға тура келеді. Зерттеулер бойынша түріктердің отырықшы болғаны антикалық заманнан басталса керек. Сол кездегі салынған қалалар мен ауылдардың көпшілігі бұл түрік ғұламаларының кезінде жермен-жексен болып, олар тарихи ескерткішке айналған. Оған қосымша, жоғарыдағы айтылған аймақта 40-тан астам қалалар мен ауылдар болды деген пікірге қосылуға болмайды. Өйткені Сырдариядан Шығыс Түркістанға дейінгі болған түрік қалаларын, ауылдарын санап шығу қиын шығар. Олардың ішінде дүниеге әйгілі үлкен қалалар да көп болған. Қорыта айтқанда, ертедегі және орта ғасырдағы қалалар мен қонысты мекендер Қазақстанның оңтүстігінде, Сырдарияның (Хасарт) орта, төменгі ағыстарында Талас, Шу және Жетісу өңірлеріне шоғырланған. Олардың үлкендері Ұлы Жібек жолының, оның тармақтарының бойларынан байқалады. Бұл өлкелер ертеден түріктердің қалың жайлаған отырықшы мәдениетінің орталығы болған . Осындай тарихи тамыры терең Қазақстанның ежелгі қалаларын зерттеу нәтижесінде, соңғы жылдары ашылып жатқан жаңалықтарға сүйене отырып, әділ және ғылыми түрде жазылған талдау еңбектер біздің алыс және жақын тарихымызды құнды деректермен байыта түсері анық  
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 35 Kb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 145

Похожие материалы