"Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары" әдістемелік дидактикалық құрал (4 сынып) Дүниетану
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Омарова Галия Темирболатовна
|
Алғы сөз
Ұсынылып отырған әдістемелік дидактикалық құрал 4-сынып үшін жалпы білім беретін мектептердің 1 -4 сыныптарына арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасының негізінде жасалды.
Дидактикалық материалдың негізгі мақсаты – оқушылардың оқулық материалын үстірт оқи салмай, тереңірек түсініп оқу арқылы пәнге жауапкершіліктерін, қызыға оқу мүмкіндіктерін, табиғатқа мейіріммен қарауға бағыт-бағдар беру.
«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» тарауына 12 сағат берілген. Бұл тарауда «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары», «Дала өсімдіктері мен жануарлары», «Шөл өсімдіктері мен жануарлары», «Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары», «Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары» Сарамандық жұмыс. Картадан орман-тоғайлар мен тауларды табу, «Суқойма өсімдіктері мен жануарлары», Топсаяхат. «Өзі тұратын туған жердің өсімдіктері мен жануарлар дүниесімен танысу», «Егіншілік пен мал шаруашылығы», «Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі», «Қазақстан табиғатын қорғау», «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» бөлімін қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар сияқты тақырыптар қарастырылады.
Дидактикалық тапсырмалар «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» тарауы бойынша оқушылардың алған білімін жетілдіруге мүмкіндік бере отыра, оқушының ой-өрісін кеңейтеді, естігенін жадында бекітеді, көре білуге, үйренуге, байқағыштыққа, білімін тиянақтап отыруға, қиялдауға,қорытынды жасауға үйретеді.Сонымен бірге тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс жасап, оның әрбір жеке тақырыптарын толық меңгеруге талпынатындарына сенемін. Оқушылар дидактикалық тапсырмаларды орындай отыра, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалана алады. Әдістемелік дидактикалық құралда басқатырғыш, сөзжұмбақ шешу, сөйлемді аяқтау, кестені толтыру, талдау, толықтыру, тест тапсырмалар, дұрыс жауабын тап, суретпен жұмыс т.б. тапсырмалар бар.
Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасау машықтары дамиды. Осындай жұмыс кезінде оқушылар арасында қарым - қатынас нығая түседі.
Күтілетін нәтиже: оқушылар оқулық материалын үстірт оқи салмай, тереңірек түсініп оқиды; пәнге жауапкершіліктері, қызыға оқу мүмкіндіктері артады; табиғатқа мейіріммен қарайды; оқушы туған жерінің табиғатын түсініп білетін, оған төніп тұрған қауіп-қатерді зерделей алатын, жан-жақты дамыған, заманауи «Тұлға» болып қалыптасады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 391.77 Kb |
Количество скачиваний: | 27 |