Қазақстанның табиғаты.Қазақ тілі 5-сынып
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Смаилова Анар Амангельдиновна
|
5-сынып. Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғаты
Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік: Қазақстанның көрікті жерлері туралы әңгімелесу,мәлімет беру.Сөздік қорларын байыту.2)Тәрбиелік:табиғатты қорғауға,әдемілікті бұзбауға тәрбиелеу. 3)Дамытушылық:оқушылардың ой –өрістерін дамыту.
Сабақ жоспары:І.Ұйымдастыру кезеңі:
а)сәлемдесу
ә) психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Жаңа сабақ: Қазақстанның табиғаты.
Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.
ата-баба – предки
туып-өскен – родились
айнадай жарқыраған – блестящий как зеркало
қыр – возвышенная местность
үлес – вклад
Қазақстанның табиғаты
Біздің ата-бабаларымыз, әкелеріміз Қазақстанда туып-өскен. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Біз де осында туып, ана тілімізде сөйлейміз. Дүние жүзінде Қазақстаннан басқа да елдер көп. Бірақ, Отан әр адамда біреу-ақ.
Қазақстанның көп бөлігін далалы жерлер алып жатыр. Жеріміз бай және алуан түрлі. Елімізде биік таулар, суы мол өзендер, айнадай жарқыраған көлдер, қырлар мен кең далалар бар.
Отанымыздың табиғаты қандай тамаша! Оны қорғауымыз керек. Табиғатты қорғап, сақтау үшін біз өз үлесімізді қосамыз.
1 -тапсырма. Әр абзацқа ат қойыңдар.
2 -тапсырма. Кесте бойынша жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар.
1.Сын есім + зат есім.
2. Зат есім + етістік.
ІV.Үйге тапсырма беру:
3 -тапсырма. Туған өлкенің табиғаты туралы суретті қолданып, әңгіме құрастырыңдар.
V.Қорытынды.Бағалау.
Тип материала: | Неизвестен (jpg) |
---|---|
Размер: | 1.34 Mb |
Количество скачиваний: | 2 |