Қазақтың байырғы өлшем бірліктері

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
  Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері Еліміздің әрбір парасатты азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін, дінін, өткенін білуі қажет, себебі өзін, өз халқының жақсысын түсіне білген адам ғана өзгені де сыйлай алады. Туған тілінің асыл қазынасының тұнығынан тұшынып іше білген, оның інжу- маржанын мөлдіретіп тізіп ала білген ұрпақ қана халқын сүйеді, елінің ертеңін ойлайды.Байтақ далада сан ғасыр көші - қонды күндер кешкен қазақ халқы жан сезімін өлең – жырымен ағытқан, ақыл мен ойдың кені даналық сөз өнерінде деп қадірлеген, қылпылдап тұрған қылышқа қыңбаса да, жүйелі сөзге жүгінген. Сөз асылы жыраудан – жыршыға, атадан – балаға ұласып, тот баспай, ғасырлар аттап, біздің дәуірімізге жеткен. Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар екенін білген, сөйтіп оны ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы – бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар. Мәселен, өлшем бірліктерін білдіретін қазақтың көне сөздері өте көп кездеседі. Адамзат дүниесі дән өлшейтін мысқалдан бастап, астық өлшейтін шойын таразыларға толы. «Тарих дегеніміз адамзаттың кең арналы тәжірибесі, адам баласының ғасыр айдынында жүздесуі» дейді Марк Блок. Расында да мұқалуды білмейтін сөзді немен салыстыруға болар еді ? Мысалы «жұп» сөзін алайықшы, «тең» дегенді білдірмей ме ? Адамзат ана мен әке болып тең бөлінеді. Тау болса, ойпат неге болмасқа ? Яғни, әлем қарама – қарсылықтан жаратылған. Қазақтың байырғы өлшем сөздерінің өзін нақтылы, жобалы өлшемдер, жер арақашықтығын білдіретін, салмақты, ұзындықты, көлемді, уақытты, жас мөлшерін білдіретін, қатты және сұйық заттардың өлшем бірліктері бола алатын түрлерге іріктеуге, саралауға әбден болады. Қазақ халқының мақал – мәтелдерінде жоғарыдағы өлшем сөздер жиі кездеседі. Мәселен : «Екі елі ауызға, төрт елі қақпақ», «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады», «Көңіл азып, тон тозса, берген көйлек кез болар», «Біреудің мінінің бір елі артықтығы ба», «Өмір көрген түлкінің үш – үштен іні «болады» (орыс мақалы). Енді кейбір өлшем сөздердің мағынасына тоқталайық. Мәселен «батпан» сөзін алайық. «Батпан»-орыс патшаларының Ресейдің бұратаналар мекендейтін бөлігінде пайдалануға рұқсат берген көне азиялық салмақ өлшемі» деп жазады И. Е. Андреевскийдің басшылығымен шықан «Энциклопедиялық сөздіктегі» «Батпан» мақаласында. Батпан туралы орыс әдебиетіндегі алғашқы дерек А. Никитиннің «Үш теңіздің ар жағына саяхат» атты кітабынан бастап кездеседі, Қазақтарда батпан өлшемі өте ерте заманнан бастап – ақ белгілі болған. Ол салмақ өлшемінің ең ауыр түрінде қолданылған. Халық ауыз әдебиетіндегі «Батырлар жырында» алып батырлардың күрзісі үнемі батпан өлшемімен көрсетіледі. Егер Бұхарада бір батпан 7 пұт 32 фунтқа тең болса, Талас өңірінде 12 пұтқа тең болған. Батпанға ұқсас қазақта «дыр» деген сөз бар. Дыр – үлкен, ірі, зор. Батпан да, дыр да - өлшем. Өлшем - өлшеу бірлігі мөлшер, шама. Заттың көлемін, салмағын, қысымын, ыстық – суықтығын, т. б. сапаларын белгілі өлшем арқылы анықтайды. «Батпан», «дыр» - көлемдік өлшемдер. Көлем – белгілі бір заттың аумағы, мөлшері, бір нәрсенің шегі, аясы. Көлемдік өлшемдер деген – көлемге лайықты, аумақтық, мөлшерлік өлшемдер. Өте аз көлемдік өлшемді білдіретін өлшем сөздердің бірі «шынашақ», «шынашақтай».  Аршын – метрге тең өлшем, кез. Аршын – заттың көлемін аршынмен өлшеу, мөлшерлеу. Аршын – ерте кездерде қолданылған ұзындық өлшемі. Ол қазір қолданылып жүрген «метр» өлшеміне жуық . Аршын сөзінің төркіні парсы тілі. Олардағы «әрш» сөзі бізде «шынтақ» деген мағына береді. Кейде шынтақ пен саусақ ұшына дейінгі аралықты да «арш» деп атайды. Міне, осылардың түбірлерінің біріне « ын » жұрнағы қосылып, ұзындық өлшемін білдіретін «аршын» атауы пайда болған. Сүйем – қазақтың ұзындық өлшемін білдіретін метрологиялық сөз. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты керген кездегі ұзындық. «Сүйем» сөзі монғол тілінде «соом» тұлғасында, ал тунгус – маньчжур тілдерінде «суум» дыбыстық құрамында көрініп, бұларда да қазақ тіліндегі мағынада қолданылады. Бірақ осылардың бәрі сөздің алғашқы тұлғасы мен тұңғыш мағынасы емес. Оған себеп – қырғыз тіліндег «соомей», тунгус – маньчжур тілдеріндегі «суу» сөздері біздің тіліміздегі «сұқ қол» дегеннің орнына жұмсалады. Сондықтан «сүйем» өлшеміне саусақтың қатысы барлығына орай, осы сөздің тууына негіз болған деген ойды түйіндеуге болады. 1 сүйем ≈ 18 см Лек – тілімізде көп жағдайда қос сөз түрінде келіп (лек – лек, лек – легімен) «шұбырған топ» мағынасын береді. «Лек» сөзінің тағдыры да «қыруар» сөзімен сәйкес. Көне сөздік бойынша мұның да парсы тілі арқылы қазақтарға енген үнді сөзі екенін білеміз. Ендеше лек сөзі жүз мың деген сандық өлшемді мегзейді.«Лек–легімен» дегеніміз, шындап келгенде, өлшеусіз, есептелмес, «жүз мыңдаған» сияқты нақтылы санды ұғындырады. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 27.37 Kb
Количество скачиваний: 98
Просмотров: 414

Похожие материалы