Қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби деңгейін жетілдіру-сапалы білім көзі.(баяндама)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Бастауыш  сынып  мұғалімі - өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысатын  және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілетті  адам.  Осыған орай мұғалім үнемі ізденісте болуы керек.

       Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс- тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданғаны – жөн. Сонымен қатар психологиялық – педагогикалық білімін жетілдіріп үйренумен  қатар, сол білімін өз ісінде шебер пайдалана  білетін болуы керек. Оқушының кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.

        Бастауыш  сынып  мұғалімі - бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен) қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым- қатынас тәсілдерін қолдана білу  яғни, мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық  жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек.

        Бастауыш  сынып  мұғалім – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты  игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық педагогикалық және әлеуметтік психологиялық негіздерін қолдана білу қабілеті  жоғара  болу керек.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.93 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 132

Похожие материалы