Б. Соқпақпаев. «Қамқорлық»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
Пәні: Ана тілі. Сыныбы: 3 Тақырыбы: Б. Соқпақпаев. «Қамқорлық» Мақсаты: Білімділік: Б. Соқпақпаевтың өмір жолымен танысу. «Қамқорлық» әңгімесінің мазмұнын, тақырыбын, идеясын, көркемдік ерекшелігін таныту. Дамытушылық: Әр түрлі тапсырмалар яғни, ребус, семантикалық карта, т.б. тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік: Жас ұрпақты қайырымдылыққа, шындыққа, адалдыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, венн диаграммасы, сұрақ-жауаптар, әңгімелеу, т.б. Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту. Көрнекілігі: Б. Соқпақпаевтың портреті, ребус, семантикалық карта, слайдтар, суреттер, оқулық, тірек сызбалар.т.б. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа керекті құрал-жабдықтарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.. (Әуен жібереледі) - Балалар, көзімізді жұмайық, өзімізді керемет табиғат ортасында жүрміз деп сезінейік. Айнала қандай әсем, әдемі, жап-жасыл. Жан-жануарлар, өсімдіктер әлемін көз алдымызға елестетейік. Қандай сұлу табиғат! (Әуен тоқтатылады). Көзімізді ашайық. Осы табиғаттан қандай әсер алсаңыздар, сондай әсермен сабаққа кірісейік. Біз бақытты баламыз, Ойнап күліп аламыз. Жетілсін деп санамыз, Оқып білім аламыз.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 148.5 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 98

Похожие материалы