Бағалауға қатысты теориялық материалдар
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Карибжанова Асель Коптылеукызы
|
Қалыптастырушы бағалау – оқыту тиімділігін арттырудың бір тәсілі
физика пәні мұғалімі Карибжанова Әсел Көптілеуқызы
Павлодар қаласы
Елбасымыздың 2012 жыл 14 желтоқсанында ұсынған жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» айтқан болатын [1]. Сондықтан қазіргі таңда білім мәселесі, сауаттылық мәселесі әрқашан алдыңғы қатарда. Осы орайда қазіргі білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан бірқатар өзгешеліктерге тоқталып кеткім келеді. Алдыңғы қатарлы өзгешеліктердің бірі, барлық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының жүргізілуі. Осы бағдарламаның бір мақсаты қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына көмектесу және өз әріптестерінің тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларды оқыту мен тәлімгерлік етуде теориялық және практикалық кәсіби құзреттілігінің мейлінше терең деңгейін меңгерген мұғалімдерді даярлау [2]. Бағдарламада жеті модул қарастырылады.
Осыған орай, осы бағдарламаның бір модулі оқу үшін бағалау және оқуды бағалауға тоқталғам келеді.
Бағалау үрдісін зерделеу қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Бағалауды -бақылаудың нәтижесі деп те санауға болады.
Оқушылардың әрекетін бағалаудағы басты мәселенің бірі -мұғалімдердің әр қайсысында пән бойынша бағалауға ұсынылатын нақты нұсқаулықтардың болмауы. Мұндай нұсқаулықтар ойластырылмаған да. Сондықтан, әр мұғалім оқушылардың білімдерін бағалауда әркім өз түсінгені бойынша бағалайды. Сонда бағалау тек мәліметтік, яғни құжаттық сиппата ғана жүргізіледі.
Қазіргі таңда оқу үрдісінің жаңашылдығы туралы, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру және олардың өзіндік жұмыс жүргізулерін дамыту туралы көп айтуда. Қазіргі білім беру жүйесінің ең басты талаптарының бірі – оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеретін оқыту үшін бағалауды, яғни қалыптастырушы бағалауды білім беру жүйесіне толық енгізу.
Қалыптастырушы бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және өлшемдер оқуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта болады.
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатынысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі [2].
Қазіргі таңдағы бағалу жүйесі: түсінікті, психологиялық тұрғыдан алғанда жағымды, және екі типті: жиынтық бағалау жүйесі және қалыптастырушы бағалау жүйесі болып бөлінеді.
Жиынтықтық бағалау немесе қорытынды бағалау (емтихан, қорытынды тестілеу, бақылау мониторингтері және т.б.) қандайда бір уақыт мезетіндегі оқушылардың оқу нәтижелерін айқындайды. Жиынтық бағалау – өлшеу барысы, бірақ бұл өлшемдер оқшылардың дамуына елеулі әсер етпейді. Оқушының тұлға бойынша дамуының көрсеткішін айқын көрсете алмайды деп те айтуға болады.
Қалыптастырушы бағалау күделікті сабақ барысында, әр күн сайын, әр сабақта жүргізіледі. Кері байланыс міндетті түрде орындалады, мұндай кері байланыстар оқушылар үшін де мұғалім үшін де тиімді. Сонымен қатар, сыныптағы білім сапасын қадағалуаға мүмкіндік береді. Сондықтан, қалыптастырушы бағалаудың негізгі қызметі: оқушы білімін қалыптастырады, белсенділігін арттырады, ынталандырады. Қалыптастырушы бағалау – оқушылардың дамуы мен жетістікке жетуіне әсер етеді. Бағалау түрі мен әдісін мұғалім өзі анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау техникасын қолдану ерекшелгінің бірі күнделікті сабақ барысында, яғни оқушы да, мұғалім де білім берудің спасына оқытудың бастапқы кезеңінде-ақ әсер ете алады. Сонымен бірге, қалыптастырушы бағалау дегенміз, міндетті түрде қағаз жүзінде орындалып жазылатын үйреншікті бақылау, өздік жұмыстары болуы міндетті емес, ол топпен жұмыста да, ауызша сұрақ-жауаптарда, диалог барысында да жүргізілуі мүмкін.
Мысалы, қалыптастырушы бағалаудың көп бір тараған түрі фронтальды сұрақ –жауап. Білімді игеру кезеңінде-ақ қалыптастырушы бағалау жұмысын бастауға болады. Мұғалім жоғары дәрежелі сұрақтар қояды, және оларға берілген жауаптарды бағалайды. Игерген білімнің дәрежесін анықтау үшін мұғалім: Не істеуге үйреңдіңдер? Мұның бәрі сен үшін нені білдіреді? Тәжірибе жүзінде бұл жағдай қалай орындалуы мүмкін?
Ауызша кері байланыс жасауда сын тұрғысынан ойлау стратегиялары жиі қолданылады. Қалыптастырушы бағалау барысында тағы да жиі қолданылатын әдістердің бірі - «Білемін/білгім келеді/білдім» стратегиясы.
Бұл жағдайда оқушылар тек ауызша ғана емес жазбаша да жауап жаза алады.
Қазіргі таңда бағалау жүйесі мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты, мұғалім мен ата-ана, мұғалім мен сынып жетекіші арасындағы байланыстарды нағайтуға бағытталуы керек. Мұндай байланыссыз, оқу үрдісін жүйелі бағалауды қалыптастыру мүмкін емес.
Қалыптастырушы бағалауды сабақ барасындағы қолданылуын қарастыралық. Қалыптастырушы бағалау оқу мақсаттарынан алынады. Сабаққа қоятын оқу мақсаттары: кең ауқымды, сұрақ түрінде тұжырымдалған болуы қажет. Оқытудан күтілетін нәтижелер: нақты, бақылауға икемді, өлшемді, етістіктер арқылы тұжырымдалған, оқу мақсаттарының сұрақтарына жауап беретін болуы шарт [3].
Сабақтағы оқу мақсаттарын SMART тәсілі арқылы тұжырымдауға болады. Сонда оқу мақсаты: нақты (Specific); өлшемді (Measurable); қол жетімді (Achievable); маңызды (Relevant); уақытпен өлшеніп, шектелген (Timed/Timed-bound) болуы керек.
Сабақ барысында өткізілетін кері байланыс: айқын, түсінікті, тақырып бойынша; процесстің барысы туралы мәлімет бере алатындай; өзара сыйластық және мейрімділік жағдайында өткізіліп, тақырып бойынша жетістіктер мен проблемалар туралы мағлұмат беретіндей, оқшылардың дұрыс жауап берулеріне, қателерін дұрыстауына, ойлау бағыттарын өзгертулеріне уақыт беретіндей, жетістікке ұмтылдыратындай жағдайда құрылуы керек.
9 сынып оқу мақсаты бойынша қарастырылатын қалыптастырушы бағалау жұмысын мысал ретінде қарастырып көрелік. Оқу мақсаты: масса –дененің инертілігінің өлшемі, Ньютон заңдарын білу және түсіну. Тексерілетін дағдылар білу, түсіну. Осы жағдайда мынандай жетістік критерилері тексеріледі: оқушы дене қозғалыс жылдамдығының өзгеру себептерін біледі; денелердің өзара әсерлесуін біледі; дене қандай жағдайда тыныштықта болатындығын біледі; қандай жағдайда бірқалыпты қозғалатындығын біледі; Ньютонның заңдарына есептер шығара алады; мысалдарды түсінеді, есептердің шарттарын дұрыс құрастыра алады. Осы талаптарға сай тапсырмалар таңдап алуға болады: 1) 20 Н күштің әсерінен материалдық нүкте 0,4 м/с2 үдеумен қозғалады. Егер осы нүктеге 50 Н күш түсіретін болсақ, ол қандай үдеумен қозғалады. 2) Горизонталь жазықтық бойында жатқан массасы 2160 кг денеге қандай да бір күш әсер етеді. Осы күштің әсерінен дене 30 секундта 500 метр жол жүрсе, осы күштің шамасы қандай? 3) Ағаштағы алма Жердің тартылу әсерінен Жерге құлайды. Бірақ, алма да Жерді өзіне дәл осындай күшпен тартатыны белгілі. Онда неліктен біз алма мен Жер бір–бірлеріне құлайды дегеннің орнына алма жерге құлайды деп айтамыз?
Бұл түрдегі мысалдарды көптеп қарастыруға болады. Сонымен, білім беру мен оқытуда қалыптастырушы бағалау- негізгі фактор болып табылады.
Әрине, қалыптастыруша бағалауды тәжірибеге енгізе сала сыныптың білім сапасы бірден жүз пайызға көтіріледі деп айту жалған болар, бірақ оқушылардың бізге деген сенімдері артады, бір –бірін сыйлауға бейімделеді, сабақ оқуға деген ынталары артады, қызығушылықтары пайда болады. Бұл сабақтың тиімділігін арттырады. Бұл біздің негізгі мақсатымызға бір қадам жақындауымыз.
Егер әр мұғалім, әр оқушыны дамушы тұлға деп қарастыратын болса, онда оқушылардың жетістіктерін, аз уақытта-ақ бақылауға болады. М.Фобос айтқандай «Кім өз жұмысын сүйіп орытндаса, онда ол әрқашан жетістікке жетеді».
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 30.68 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |