Бактериялар

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақтың тақырыбы: Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызыСабақтың мақсаты:1.Білімділік: Бактериялардың қоректенуі, тыныс алуы бойынша жіктелуі, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биотехнология, ауру тудыратын бактериялар және олармен күресу шаралары туралы түсінік беру, жаңа терминдерді түсіндіру.2.Дамытушылық: Оқушылардың теориялық және логикалық ой - өрісін дамыту, танымдық құштарлықтарын арттыру, бактерияларды салыстыру, жүйеге келтіру арқылы өздігінен шешім қабылдау, суреттер арқылы дәлелдеу.3.Тәрбиелік: біржасушалы организмдер ретінде бактериялардың маңызы туралы түсіндіре отырып, бактериялар тарататын аурулардың алдын үшін гигиеналық ережелерді орындап, салауатты өмір сүруге баулу. Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кесте, тірек – сызба, суреттер, лупа, жоңыршқа.Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Сабақ әдісі: ойын әдістері, салыстыру, топтастыру, сипаттау.Сабақта пәнаралық байланыс: Медицина, технология, экология.Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру: Сыныпты сабаққа дайындау, оқушыларды есепке алу.II:Үй жұмысын тексеру.1 тапсырма. «Зымыран сұрақтар»1) Бактериялар қандай организмдер?2) Бактерия жасушасының құрылысының қандай ерекшеліктері бар?3) Эукариоттар қандай организмдер?4) Қандай оаганизмдердің жасушасында ядро болмайды?5) Бактериялардың формалары қандай болады?6) Олардың қозғалысқа келтіретін органоидтері бола ма?7) Бактериялардың мөлшері қандай?8) Бактериялар қалай қоректенеді?9) Сапрофит бактериялардың қоректену ерекшелігі неде?10) Паразит бактериялар қалай қоректенеді?11) Олар қалай тыныс алады?12) Бактериялар қалай көбейеді?2. тапсырма: Суретті толықтырыңдар.Бактерия суретіндегі органоидтерді орнына қою және атап айту.3 тапсырма: Сиқырлы түстер.Тақтаға бактериялардың суреттері жасырылған 3 түрлі түс қойылған, оқушылардың әр қайсысы өз таңдаған түстерін ашады содан шыққан бактерия формасына сипаттама береді.IV.тапсырма. Бактериялар шежіресі (жүйелеу).Тіршілік формаларыЖасушалық емесЖасушалықВирустар әлемі Прокариоттар әлемі Эукариоттар ВирустарБактерияларЖаңа тақырыпты баяндау.Сабақтың жоспары:1.Бактериялардың табиғатты маңызы.А) Шіріту бактериялары.Ә) Топырақ бактериялары.Б) Зат айналымы.Г) Азотты сіңіретін бактериялар.2. Бактериялардың адам өміріндегі маңызы.А)Ашу бактериялары.3.Бактериялардың биотехнологиялық маңызы.4.Ауру тудыратын бактериялар.5. Бактериялармен күресу.V.Жаңа тақырыпты пысықтау1 тапсырма: Бактериялармен күрес( Тақтадан бактериялар шығады оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы оларды жояды.)1)Бактериялардың табиғаттағы маңызы қандай?2)Шіріту бактериялары қандай рөл атқарады?3) Азотты сіңіретін бактериялардың топырақ түзу процесінде рөлі қандай?4)Сүт өнімдері қандай бактериялар арқылы алынады?5) Тамақ өнімдерін бұзбай сақтау үшін не істеу керек?6) Микробиология өнеркәсібінің маңызы қандай?7) Р.Кох қандай жаңалық ашты?8) Туберкулез қандай ауру?9) Туберкулез қалай жұғады және одан қалай қорғану керек?10) Бактериялар туберкулезден басқа қандай аурулар тудырады?2- тапсырма: Бактериялар отбасы Бактериялар туралы кестені толтыруБактериялар Тіршілік ету ортасы Қоректену әдісі Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызыШіріткіш бактериялар Сүт қышқылы бактериялары, Топырақ бактериялары Түйнек бактериялары Ауру тудыратын бактериялар 3.тапсырма: Пайдасы мен зияны1.Кокка 2.Топырақ бактериясы Пайдалы.3.Спирилла4.Азот жинақтаушы5.Бацилла6.Сүт қышқылы Зиянды.7.Вибриондар8.Ауру тудыратын IV. ҚорытындыВирустар мен бактерияларды салыстыру.ВирустарҰқсастығы БактерияларЗертханалық жұмыс: Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырларынан түйнектерін көру.V. Үйге тапсырма: 29.Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. «Бактериялық аурулар», «Бактериялық індет» тақырыптарында хабарлама дайындау.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 11 Kb
Количество скачиваний: 32
Просмотров: 174

Похожие материалы