Здесь была ссылка на работу «Бала тәрбиесi – игiлiктi iс» автора Серикбаева Салима Толегеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан ұл - қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты - баланың жасын, жеке өзгешелігін, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді: - Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру; - Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету; - Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым - қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету ; - Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу; Отбасы - барлығының басы, жан - жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс. Бала бақыты - білімде. «Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сияқты, не жасаса да келістіріп жасайды », - дейді А. Байтұрсынов. Ұлтымыздың болашағы тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланы тәрбиелеп өсіру мейірімділікті, төзімділікті, жауапкершілікті талап етеді. Тәрбие отбасынан басталады. Отбасы тәрбиесіне ата-ананың, баланың денсаулығы, мекен-жайы, материалдық жағдайы, ата-анасының жалақысы, баланың саны бәрі әсер етеді.Бала жаны кіршіксіз таза, пәк. Ол ата-анасының, тәрбиешісінің, мұғалімнің сөздерін жанына жақын қабылдайды. Бала отырған жерде ғайбат сөйлеуден аулақ болу керек. Бала үшін ата-анадан артық ешкім жоқ. Ол үшін е ң жақсы, ең мейірімді–өз ата-анасы. Балаға өтірік айтып, уәдесін орындамай, бала тілегімен санаспаса ол сенімнен қалады. Бала қашанда түсінушілікті, мейірімділікті қажет етеді. Ол өзінің ата-анасына қажеттілігін түсінуі керек. Ол алғашқы қадам жасап, тілі шыққаннан бастап шыдамдылықты, махаббатты қажет етеді. Көбінесе баланың көңіл-күйінен сол отбасындағы қарым-қатынас аңғарылып тұрады.