«Балалармен бірге қуыршақты Бесікке саламыз».

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық салт – дәстүрлерімен таныстыру және қазақтың ұлттық мәдениеті туралы білімдерін кеңейту. Қазақ халқының бұрынғы және қазіргі өміріне деген қызығушылығын арттыру, құрметтеуге баулу. Отанын, мәдениетін, салт – дәстүрін сүюге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Таным».

Көрнекі құралдар: Бесік жабдықтары, ойыншық қуыршақ, оюлы көрпешелер, дөңгелек үстел.

Жаңа сөздер: бесік – колыбель, киіз үй – юрта.        

Қызмет

кезеңдері

Педагогтің басқару іс-қимылдары

Балалар іс-әрекеті

 

 

І кезең уәждік-түрткі

болу

Жылулық шеңбері

-         Армысың, көк аспан!

-         Армысың, мейірімді Жер – Ана!

-         Армысың, асқар тауым, көлім!

-         Армысың, шұғылалы Алтын – Күн!

-         Армысыздар, қонақтар!

-         Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

Балалар жылулық шеңберін жасайды

 

 

ІІ кезең  проблемалық-ізденістік

Балалар дөңгеленіп тұрады

 -Балалар,біз осы тұрғанда қандай пішінге ұқсаймыз? Неге ұқсаймыз?

 Ендеше балалар, сергіту жасайық:

Дөңгеленіп тұрайық,

                       Киіз үйді құрайық.

                       Уық болып иіліп,

                       Шаңыраққа киіліп,

                       Қазақ үйді құрайық

Топ ішін безендіру.

Балалар, киіз үйдің ішінде дөңгелек үстел басында отырады. Залдың бір жағында киіз үйі жартылай құрылып тұр. Іші ұлттық жиһаздармен безендірілген:    түскиіз, домбыра, қамшы, түлкінің терісі, қоржын, кір салғыш, т.б. заттар ілулі тұр. Жерде сырмақ, құрақ көрпешелер, сандық, дөңгелек үстел үстінде самаурын, оюлы кеселер, ұлттық тағамдар.

Сабақтың барысы:

Құрметті қонақтар! «Ақбота» ауылына қош келіпсіздер! Бүгін «Ақбота» тобының бүлдіршіндері  сіздерге қазақ халқының дәстүрлерінің бірі «бесікке  салу» рәсімін көрсетеді.

Балалар, бүгін бізде ашық сабақ.  Бізге қаншама қонақтар келіп отыр, сабағымызды бастайық.

Балалар, сендер қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер? Қане, айта қойыңдаршы:

 

 

Дұрыс айтасыңдар, блалар, көп біледі екенсіңдер. Енді балалар, мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?

Жайлаудың суретін көрсетіп, сурет бойынша  «бесікке салу» тойын қалай тойлап жатқанын   әңгімелеймін.

Балалар, бізде бүгін бесікке салу рәсімін жасап, қонақтарға көрсетсек қалай болады? Балаларды   рөлге бөлу: әже, бала, ана рөлдеріне бөлу.   

Аружан: Данияр, балам! Көрші үйдегі әжелерді қонаққа шақырып келші,

 

 

 

 

 

Дөңгелекке, шеңберге,  күнге, киіз үйге

 

Балалар қимылмен  көрсетіп, сергіту сәтін   жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шілдехана, бесікке салу,тұсау кесу, сүндет той

 

 

Бала тербетіп отырған ана

 

 

 

 

 

 

Данияр: Сәлеметсіздер ме! Әже, сіздерді апам қонаққа шақырып  жатыр

 

 

жатыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрші әжелер қонаққа келеді, балалармен амандасады

 

Тәрбиеші: Қане, әже, бүгін Айжан сәбиімізді  халқымыздың салты бойынша бесікке салу   рәсімін өзіңізге береміз.

Гүлнұр бесікті алып, бесіктің құралдарымен таныстырып, атап береді: мамық – бұл астына салатын көрпесі, бас жастығы, тізе көрпешесі, шүмек, белбау, аяқбау, бет пердесі.

Тәрбиеші: балалар, баланы бесікке бөлемес бұрын қандай ырым жасалады? Есімізге түсірейікші

Дұрыс айтасыңдар, балалар!

Камила, сен қолыңды бесіктің астына тосып,   кәмпитті қонақтарға шаша ғой.

Ал, енді балалар, бесігіміз дайын болды, баланы бесікке бөлемес бұрын қандай ырым жасалады? Тәрбиеші сіріңкемен бесікті аластайды.

   Гүлнұр:       Алас, алас,алас

                       Тілі бардың тілінен алас,

                       Көзі бардың көзіненалас.

                       Асқар, асқар таумен кет,

                       Ағыны қатты сумен кет.

                       Алас, алас, алас.

Аружан: баланы бесікке жатқызып бөлейді, бет   пердесін жабады

Мәдина «бесік жырын» орындайды:

                      Әлди – әлдибөпешім,

                      Ұйықтай қойшы бөпешім.

                      Еліңді де аяла,

                      Адам болар ма екенсің.

                      Жілік шағып берейін,

                      Байқұтанның құйрығын,

                      Жіпке тағып берейін.

                      Әлди – әлди, әлди – ай

                      Жылама бөпем, жылама.

Балалар, баланың ұйқысы қалың, жақсы ұйықтасын деп қандай ырым жасаған?

Назымгүл: «Елін қорғайтын батыр болсын»- деп   жастықтың астына қамшы қоямыз, «Ел тұлғалы азамат болсын деп – үтіне шапан жабамыз,  «Ер жеткенде сұлу болсын» - деп айна саламыз, «Көз тимесін» - деп үкі салған біздің бұрынғы ата- бабаларымыз.

Дастан, сен бесікке салған балаға құтты болсын айта ғой

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

әрбиеші балаларға тышқан туралы сұрақтар қойып,

жұмыстарын қарап мадақтайды

 

 

 

Жоғары шығыңыздар, төрлетіңіздер

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тыштыма» - деп  кәмпит шашу керек.

 

Шашу шашады

 

Бесікті аластаймыз

 

 

                                 IІІ кезең рефлексивтік-түзетімдеу

 

 

 

 

 

 

                           Мойындағы маржаным,

                       Қорадағы мал – жаным.

                       Бесігіңе жата ғой,

                       Тәтті ұйқыға бата ғой.

                       Құтты болсын, бесігің.

                       Өте жақсы айттың, рахмет саған

Тәрбиеші:Ал енді, балалар, қонақтар, бесікке  салу рәсімін жасадық, баланы бесігіне жатқыздық, енді бала ұйықтасын, сіздер дәмнен ауыз тиіңіздер.

Балалар, қонақтар шай, тамақ ішеді.

           Жаңбырменен жер көгерер,

 Батаменен ел көгерер- дегндей, мына дастарханға бата берейік

 Саят, қане сен бата берші

 Саят: Бісімәлла, рахман Рахим

           Әуелі құдай қолдасын,

           Пайғамбарым оңдасын.

           Мына тұрған дастархан,

           Әрқашанда жайнасын.

           Ұрпақтарын өрбісін,

           Алла оны қолдасын.(Әумин) 

Балалар, енді бесікке салған көрші әжелерге кәдемізді берейік.

Аружан: Әже, алыңыз мынау сізге, орамал тон болмайды, жол болады деген екен халқымыз.

Ендеше, мына орамалды сізге тарту етеміз, сізге көп – көп рахмет айтамыз.

Қонақтар балалармен қоштасып, шығып кетеді.

Тәрбиеші: құрметті қонақтар, мінекей біздің   «Ақбота» тобының, бүлдіршіндерінің  бүгінгі халқымыздың салт – дәстүрі бойынша көрсеткен «бесікке салу» тойының шағын көрінісі осымен аяқталды. Сау болыңыздар!                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қолдарын жайып, ас қайырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар да қонақтармен қоштасады.

 

 

Тип материала: Неизвестен (jpg)
Размер: 1.26 Mb
Количество скачиваний: 2
Просмотров: 150

Похожие материалы