Баранина, готовится ставя подножку продукция

Предмет: Технология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Сабақтың тақырыбы:  Қой  етінен  дайындалатын шала  өнімдер Мақсаты:                         1.Білімділік: қой етінен  дайындалатын  шала  өнімдермен  жасалу технологиясымен   таныстыру                     2. Дамытушылық: өнімдерді  дайындауда  іскерлік   ептілік дағдыларын дамыту;                     3 Тәрбиелілік:   еңбек  сүйгіштікке, ұқыптылыққа, тазалыққа   тәрбиелеу. Сабақтың түрі:     дәстүрлі  сабақ Сабақтың типі:     аралас   сабақ Сабақтың әдісі:    сұрақ-жауап,  түсіндірме. Көрнекіліктер  мен құрал-жабдықтар:  нұсқау  карта, суреттер.   Пәнаралық байланыс: математика,   биология   Сабақ   жоспары; 1. Ұйымдастыру  кезеңі                                  2. Өткен сабақты қайталау                                  3.  Жаңа  сабақты   түсіндіру                                  4. Кіріспе   инструктажы                                   5. Сарамандық   жұмыс                                  6.  Бекіту   инструктажы                                  7.  Жұмыс  орнын   жинастыру  І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Кабинетті,  тақтаны   сабаққа   дайындау; 2. Оқушылардың   сабаққа   қатысуын   тексеру; 3. Құрал-жабдықтар   мен   материалдарды   тарату; 5. Өткен  сабақта  жүргізілген  жұмыстарға   талдау   жасау; 6. Сабақтың   мақсаты   мен тақырыбын   айту; 7. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;   ІІ. Өткен   сабақты   қайталау Тексерудің әдісі:   сұрақтар   қою  арқылы 1.Қандай   ұлттық   тағамдарды  білесіңдер? 2. Етті  тарту  рәсімін  білеміз  бе? 3. Еттің  құрамында  қандай  заттар  бар? 4. Еттің адам ағзасына пайдасы бар? 5. Еттің  сапасын  қалай   анықтауға   болады?   ІІІ. Жаңа сабақ Шала фабрикат (шала өнім) деп өндірістік және жеке тұтынуға жарамды, дайын бұйым қалпына келтіру үшін әлі де бір немесе бірнеше өңдеуден өтуге тиісті өнімді айтады.      Еттен жасалған шала фабрикаттар да алдын ала дайындалып, келесі өңдеуден өтуге әзірленіп қойылады.      Дайындау әдісіне қарай шала фабрикаттарды табиғи, аунатылған және шабылған деп ажыратады. Шала фабрикаттар дайындау үшін мынадай тәсілдер қолданылады: турау, жаншу, сіңірлерін кесу (тілу), аунату, дәмдендіру, шала тұздықтау.     Турау. Сыбаға кесектерінің түрі жақсы болуы және өзгеріске аз ұшырауы үшін етті талшықтарына қарай тікбұрыш немесе 40-45о жасай келеді.      Жаншу. Алдын ала мұздай суық суға салып қойылған кесек туралған етті арнайы  тәпкімен жаншиды. Жаныштау  дәнекер ұлпаларын кеуектендіріп, кесектер қалыңдығын бірдей етеді, бетін тегістеп, кесекке тиісті пішін береді. Бұның бәрі жылумен өңдеудің бірқалыпты өтуіне жағдай жасайды.     Сіңірді кесу (тілу). Жылумен өңдеу кезінде сыбаға кесектерінің пішіні өзгеріп кетпеуі үшін сіңірді бірнеше жерінен тіледі.     Аунату (панирлеу). Шала фабрикаттарды еттің сөлі ағып кетпеуі үшін алдын ала кепкен нан ұнтағына аунатып алады. Аунатылған тағам сүйкімді және қытырлақ қуырма қабықты болады. Шала фабрикатты аунату алдында, льезонда (ұнтақтың шала фабрикаттарда жақсы ұсталып тұруы үшін) ылғалдайды.      Дәмдендіру. Етті бұрышпен, пиязбен, дәмдеуіштермен дәмдендіру оның шырындылығын арттыру, дәмін жақсарту және хош иісінің сапасын күшейту үшін істеледі.      Қой еттерінен алынатын шала фабрикаттар. Қой етінің арқа-бел бөлігінің (корейка) сыртқы бетін сіңірлерден тазалайды. Арқа-бел бөлігін екі бөлікке: бүйрек (бел) және арқа-қабырғаға бөлінеді. Қой еттерінен ірі кесекті, сыбаға және ұсақ кесекті шала фабрикаттар дайындайды.      Ірі кесекті шала фабрикаттар. «Қуырылған қой еті» тағамын дайындау  үшін жамбас-сан бөлігінен, жауырын бөлігінен алынған массасы 1,5-2 кг үлкен ке
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 279.41 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 178

Похожие материалы