Бастауыш білім беру сатысында оқу пәндерін интеграциялау арқылы тұлғаны дамыту

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін; негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кеңінен меңгеру үшін оқудың, жазудың, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.                                                                               Тұлғаның өмір сүру әрекетінің негізгі шарты: оның санасында дүниенің біртұтас бейнесі және ондағы адамның өз орны болуы; адамның заттармен, құбылыспен, табиғатпен заңды байланысын орнату болып табылады. Тұлғаны дамыту және қалыптастыру, дүние, табиғат, қоршаған орта және адам, олардың байланысы жөнінде біртұтас көзқарас қалыптастыру; оқушылардың әртүрлі әрекеттері үшін барынша жағдай туғызу – бұл білімді интеграциялаудың негізгі мақсаты. Бұл жерде әңгіме, білімнің жиынтығы және эрудицияның  кеңдігі жөнінде емес, еркін бағдар және ХХІ ғасыр адамының даралық мәдениеті, өзіндік позициясын таңдап алуын қамтамасыз ететін дара тұлғалық, құзырлылық сапасы туралы болып отыр. Сондықтан бастауыш білім мазмұнының бүгінгі күн талабына сәйкес болуы аса маңызды мәселе.  

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.18 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 86

Похожие материалы