Бастауыш сынып оқушыларына арналған "Жас математик" сайысы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Утебекова Гүлсім Серікқызы

Арықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Ақмола обылысы Қорғалжын ауданы

Арықты ауылы.

 

                      

                     « Жас математик» жарысы.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген  қызығушылығын арттыру.Баланың зейінің, есте  сақтауын,  байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін дамыта отырып, ойын ұшқырлау. Балалардың логикалық  ойлау қабілеттерін дамыту, ұтымды жауап беруге баулу.

 

Сабақтың түрі:сайыс.

 

Пәнаралық байланыс: ана тілі .

 

Көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер , қима қағаздар, тапсырмалар жазылған плакат.

 

 

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

- Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар,  ата-аналар мен оқушылар! Математиканың  жанккүйерлері ! Адамзат тариғында  қай кезеңде  болмасын ғұламалар ғылым мен  білім мәселелеріне  ерекше көңіл бөлген. Бүгін біз  математиканың қыр- сырымен  танысып, көңілді  демалып, білім күшімізді  сынау үшін  жиналдық.

 

-Сайыскерлердің білімдерін бағалайтын әділқазылар алқасын сайлап алайық.

 

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар.

Сұрақтары қиын болсын- дей отырып, ортаға  алдынала  белгіленген нөмір бойынша сайыскерлерді шақырамыз.

(Сайыскерлер өздерін  таныстырып шығады )

Бүгінгі сайыс 8-кезеңнен тұрады. Әрбір дұрыс жауапқа  1 ұпай беріледі. Алғашқы екі кезеңнен соң , ұпайы аз  ойыншылар  шығып отырады. Ең соңында бір оқушы, яғни « жас математик » қалуы керек.

 

1-    кезең. « Кім жүйрік ?» ( Логикалық есептер).

Сұраққа дұрыс жауап берген сайыскер  1 қадам алға жылжып отырады.

1)    Қандай бұрыш 90 градус бұрыш жасайды ? ( тікбұрыш) .

2)    90 градустан кіші бұрышты ата. ( Сүйір бұрыш) .

3)    Қандай түзулер қиылыспайды ? (Параллель) .

4)    90 градустан үлкен  бұрышты ата. ( Доғал бұрыш).

5)    8:0 неге тең ? ( Санды 0-ге бөлуге  болмайды) .

6)    Көбейтудің қандай қасиеттері бар ?

7)    Қосудың қандай қасиеттері бар ?

8)    Текшенің қанша жағы бар ?( 6 жағы) .

9)    Ең үлкен 4 таңбалы санды және ең кіші 4 таңбалы санды ата.                   ( 9999,1000) .

10)                      Бөлудің компоненттерін ата ?

2-кезең. Математикалық жұмбақ.

1)    Егіз қайық бой-бастары тең өскен,іске дайын, бұтақтары бес-бестен.       ( қос қол) .

2)    Тышқаннан басқа батпаған, бір шланг, төрт баған. ( піл).

3)    Жүз төрт түйме, он бір ине. ( есеп шот).

4)    Екі аяқты бір ізді, үстіне адам мінгізді . ( велосипед) .

5)    Қос құлақты, жүз тісті,

Жүзінен бір-ақ із түсті.(ара).

6)    Сақталады 6 ай жаз,

Сандығымда сары аяз. ( тоңазытқыш)

-Енді келесі кезекті қазылар алқасына берейік.

Нәтиже бойынша осы 2-кезеңде ең төмен ұпай алған 2 сайыскермен қоштасамыз.

3-кезең. Математикалық диктант.

 

1)    760-тың 76-ға бөліндісін 10 есе кеміт;

2)    240-пен 360-тың қосындысын 60-қа бөл;

3)    18-дің 5-ке көбейтіндісінен 96-ның 4-ке бөліндісін азайт;

4)    805-пен 217-нің қосындысын 999-бен 998-дің айырмасына көбейт;

5)    Ең үлкен 3 таңбалы санға 1-ді қоссаң неше болады?

6)    5-ті 7 есе арттырып, оған 99-ды қос.

4-кезең. « Ойымды жалғастыр».

Мақал-мәтелдерді толықтырып айту.

1)Білекті бірді жығады, ( білімді мыңды жығады) .

2) Бес саусақ жиналса , ( жұдырық болады) .

3) Досыңды үш күн сынама, ( үш жыл сына).

4) Бір кісі қазған құдықтан,( мың кісі су ішеді).

5) Білгенің бір тоғыз, ( Білмегенің тоқсан тоғыз).

 

 

-Ал, енді келесі кезекті қазылар алқасына берейік.Нәтиже бойынша осы 2 кезеңнен ең төмен ұпай алған сайыскерлермен қоштасамыз.

Сәттілік тілейміз!

 

 

 

               5-кезең. « Бәрімізге бір өрнек» .

 

800 + 600 – 1200 • 8 – 900 + 6 • 10 - 60  ( 7 000)

66 :  22 •15 - 8 • 5 + 15 • 7 -20 : 2 ( 600)

640 : 8 + 5 + 2 :3 • 10 +6 +4 : 2 • 3 ( 450)

              6-кезең. « Тапқыр  болсаң  шешіп көр».

1.     Айжан мен  Маржанның  әкелерінің аттарын ата.

Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?

2.     Қай ауылдың балалары?

Берік, Арман, Мақсат үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Арықтыдан,  екіншісі – Күйгенжардан, үшіншісі – Баршыннан келген.Берік пен Арықтыдан келген Арман екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Күйгенжарда болып көрмегендігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген?

3.      Олар қандай баға алды?

Бибігүл, Жаннұр, Нұрсая үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім:

-Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсысыңның  бағаң әр түрлі. Бибігүлдің бағасы « 3» емес, ал Нұрсаяның  бағасы   « 3» те  « 5» те емес деді. Соңда әркім қандай баға алған?

    4.    Кезекшілік.

         Мұғалім тірі табиғат мүйісінде дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері кезекшілік жасауға  Ерлан, Нұрлан, Асқарды бөлді.

         Ерлан: « Мен сәрсенбіде музыкамен айналысамын, сондықтан ол күні кезекші бола алмаймын» -деді.

         Нұрлан: « Мен сейсенбіде қазақша күреспен айналысамын , соңдықтан ол күні кезекші бола алмаймын» -деді.

         Асқар: « Мен сейсенбіде кезекші болайын! -деді» . Мұғалім балалардың тілегін орындады. Қай бала, қай күні кезекші болды?

 

-Ал, енді келесі кезекті қазылар алқасына берейік.Нәтиже бойынша осы 2 кезеңнен ең төмен ұпай алған сайыскерлермен қоштасамыз.

Сәттілік тілейміз!

 

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізсін сіздей өренді

Математика сырына.

 

Енді ең соңғы 7-кезең « Жеңімпаз»

Жеңімпаз оқушыға тапсырмалар беріледі.

1.     «Бес» сөзінің бір әріпін өзгертіп, бірнеше жаңа сөз айту. ( 1 мин  айту).

2.     Математика пәнінің өмірде пайдасы қандай ? Сен математика пәнін не үшін ұнатасың ?

8-кезең. Қорытынды бөлім.

Қазылар алқасына, келген қонақтарға сөз беру. Оқушылардан сайыстан алған әсерлерін сұрау.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 41.5 Kb
Количество скачиваний: 353
Просмотров: 729

Похожие материалы