Бастауыш сынып оқушысына мінездеме үлгісі
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Халах Лида Халыковна
|
Ақсу қаласы
Парамоновка орта мектебі
1-сынып оқушысы
Жампейсов Қуандық,2008 ж.т
Мінездеме
Жампейсов Қуандық осы мектепте даярлық топтан бастап оқиды. 1-ші сыныпқа биыл келді. Қуандық оқу бағдарламасын меңгермей келеді. Тіл кемістігі бар, белсенді сөздік қоры өте аз шектеулі. Дыбыс туралы түсінігі қалыптаспаған, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратпайды, сөздерді буынға бөле алмайды, сөзге дыбыстық талдау жасауды меңгерген жоқ. Әріптердің бәрін танымайды, оқи алмайды. Каллиграфиясы нашар, дәптері лас, жолмен жазуды меңгермей келеді, ұсақ қол моторикасы дамымаған. Математикалық түсініктер қалыптаспаған, 1 сынып бағдарламасын орындай алуға мүмкіндігі келмейді. Қарапайым есептерді ересектердің көмегімен де шығаруы қиын. Логикалық ой қажет ететін тапсырмаларды мүлде орындай алмайды. Танымдық аймағы қалыптасуда, алайда дамуы тежелуде. Ойлауы өз жасынан кем дамыған, зейіні әлсіз. Есте сақтауы да төмен. Жалпы психикалық қасиеттерінің дамуы жетілмеген,кідірісте.
Есте сақтауы өте қиын, тез ұмытады; зейіні шоғырланбаған, ойлауы бейнелі,затты, әлі дамуда.
Өзіне өзі қызмет көрсетуі де жете дамымаған. Қолдың ұсақ моторикасы дамымаған.
Қуандық толық, аз қамтамасыз етілген отбасында тәрбиеленеді.
Мектеп директоры Қоядар Т
Сынып жетекшісі Боронбай А
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 32.41 Kb |
Количество скачиваний: | 637 |