Бастауыш сыныпқа арналған "Логикалық "тапсырмалар
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Бейсенбаева Алия Мусаевна
|
Ақмола облысы
Қорғалжын ауданы
Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі
Логикалық есептер
(1 сыныпқа арналған жинақ)
Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі
Бейсенбаева Әлия Мұсақызы.
2014 жыл
Бұл жинақ оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауын дамытады.
Есептеу дағдыларын жетілдіреді.
Математикалық тілде сөйлеуге,
ұқыптылыққа баулиды.
15. 2+5 =7, бұл жалғыз шешім. Басқа шешімдер жоқ екенін дәлелдеу үшін: 2 + 2 + 2 = 6, бұл 7-ден кем, 2 + 2 + 2 + 2 = 8, бұл 7-ден артық. Сондықтан 2 тиындықтармен төлей алмаймыз. 5 + 5 = 10, бұл 7-ден артық.
16. Бұл есепті сызба арқылы шығару керек
17. Ойлау арқылы шығару керек: 1 бала отырып, келесі жағаға шықса, онда қайық сол жағада қалады. Үшеуі отыруға болмайды, сонда екеуден ғана отыра алады. Қалай? Екеуі оң жағаға шығады, біреуі қайтып келіп, үшіншісін алып кетеді.
18. Әр бала неше фото бергенін біліп алу керек (2) Сонда әр бала 2 фотодан алды.Сонда 3 бала 6 фото берді.(2 + 2 + 2 =6).
19. Бір жылдан кейін олар 1+1+1= 3 жасқа өседі, сондықтан олар дың барлығына 9 жас болады.Ал бір жыл бұрын олар 3 жаста болды. Жауабы: 9 және 3 жас.
20. Қамар аюды, Орынша пілді, ал Ғалия қоянды тықты.
Логикалық есептердің жауаптары
1. Болады. Ұлы мен қызы бір ересекті алмастырады.
2. Егер шыбындар3,5,7,9,..., болса, онда анасы көп аулайды (1шыбын артық), Егер шыбындар саны 2,4,6,8,..., болса, онда екеуі бірдей шыбын аулайды.
3. 1 қызыл, 2 көк, 3 жасыл шарлар бар. Қызыл мен көк шарлар үшеу болса, онда 2 қызыл, 1 көк не 2 көк, 1 қызыл.Қызыл мен жасыл шарлар көк пен жасыл шарлардан кем(1), онда қызыл (1), жасыл (2). Бұдан кейін көк шарлар санын анықтаймыз.
4. 6 кг. Жартысы 3 кг, онда тұтасы 6 кг болады.
5. Пернебектің командасы жеңді.Жалғыз Пернебектің өзі 7 доп соқса, онда команда 6 доп соғуы мүмкін емес. Сондықтан Пернебектің командасы жеңді
6. Сегізінші қабатта.Дәудің пәтері жоғарыдан санағанда екінші, сондықтан бұл сегізінші қабат.
7. 3 шаршы және 1 дөңгелек.
8.7 спортшы.Үшеуі алдында, үшеуі артында, спортшы ортада.
9. 5 бөлік. Жолақ сал да, оны 4 рет сыз да, бөліктерді сана.
10. Алдыңғы үш шарды алған кезде, қорап ішінде екі көк және бір қызыл шар қалды. Сондықтан қораптан 2 қызыл шарды алып шыға алмаймыз.Екі көк не бір қызыл және бір көк шар алып шыға аламыз.
11. 2 артқа. Бірінші 3 қадамнан кейін 1 қадам артқа, келесі 3 қадамнан кейін 1 қадам артқа, келесі 3 қадамнан кейін тағы да 1 қадам артқа шегінеді. Сонда 9 қадам жасағанда 3 қадам артқа шегінеді, соңғы 10-қадамды алға жүреді.
12. 3 орын. Алтыбұрыш саламыз. Сурет салу арқылы анықтауға болады.
13.10 үйрек. 5 ағасы, 4 апасы және Кряктің өзі.
14.7 қонақ. Сурет салып шешуге болады.
Логикалық есептер.
(1 сыныпқа арналған жинақ)
1. Зообақтағы пони 3 ересек адамды немесе 6 баланы тарта алады. Пони әкесі мен анасы және ұлы мен қызы бар отбасыны тарта ала ма?
2. Бақа-ана мен бақа-қыз кезектесіп шыбын аулап отыр: анасы бір шыбын, қызы бір шыбын, анасы бір шыбын, қызы бір шыбын т.с.с. Анасы мен қызының қайсысы көп шыбын аулайды?
19. Шарик, Мотроскин және Мурка үшеуі қазір 6 жаста. Бір жылдан кейін олар неше жаста болады?
20. Қамар, Ғалия және Орынша үш қыздың әрқайсысы аю, қоян, пілдерін ойнап тықты.Қамар қоянды тыққан жоқ. Орынша қоянды да, аюды да тыққан жоқ. Кім қандай ойыншықты тықты?
17. Үш бала өзеннің сол жағында тұр, олар оң жағалауға шығу керек. Қайыққа екі бала ғана сияды. Балалар оң жағаға қалай шығады?
18. Серік, Марат және Дамир бір-біріне фотоларын сыйлады. Оларға неше фото қажет болды?
3. Үстел үстінде үш түсті шарлар жатыр. Егер қызыл мен көк шарларды санасақ – 3 шар болады, егер қызыл мен жасыл шарларды санасақ – 4 шар болады, егер көк және жасыл шарларды санасақ – 5 шар болады.
Үстел үстінде әр түсті шардан қанша жатыр?
4. Жарты қаздың салмағы 3 кг, ал тұтас қаздың салмағы қанша?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 879 Kb |
Количество скачиваний: | 92 |