Бастауыш сыныпта оқушының тіл құпиясын меңгертуге баулу
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жолаева Айгуль Абдымолдаевна
|
Бастауыш сыныпта оқушыны тіл құпиясын меңгертуге баулу
Жолаева Айгүл Абдымолдақызы
Алматы облысы,
Текелі қаласы,
№1орта мектебі
«Тілдің тазалығы-ойдың тазалығы,бүкіл
дүние қашанда таза ойдан туады»
Академик Ғ. Мүсіреповтің: «Тіл өнері-қиын қнер, өзге өнердің қай-қайсысы да оған тең келе алмайды» деген сөзі, әсіресе, бастауыш сынып оқушылары үшін өте маңызды. Сөз құдіретін түсінген баланың ой-өрісі кең, мінезі байыпты, жақсы мен жаманды айыра алу, үлкенді сыйлай білу, сөзді тыңдай білу қасиеттері мол болады. Сондықтан бастауыш сыныптағы тіл сабақтарына мұғалімнің жан-жақты әзірлігі, оқушылардың жас ерекшелігі мен белсенділік ерекшелігін есепке алуы, білім-таным деңгейлерін ескере отырып, сабақты ұйымдастыруның маңызы зор. Бастауыш сынып оқушылары үшін бар дүние қызық, көп дүние түсініксіз болып келеді. Олар көбінесе сұрақтарды көп қояды. Бірдеңе білуге қызығады, талпынады. Олар өздерінің мұғалімдерін барлық сұрақтардың жаубын біледі деп ойлайды.
Ештеңенің пайымына әлі толық жете қоймаған балалардың күтпеген жерден қойған сұрақтары мұғалімді үлкен жауапкершілікке итермелейді. Осындай кезде мұғалім оқушыға түсінікті, анық, әрбір сөзге бала қызыға алатындай, есіне сақтайтындай мән бере айтуы баланың қызығушылығын асыра түседі. Баланың қойған сұрағына құрғақ жауап бере салмай, сол сөзге қатысты мақал-мәтел, жұмбақтарды кірістіре жауап беруі оқушыға жақсы әсер береді. Бастауыш сыныпта сауат ашу сабағында баланың сөйлеуімен бірге мұқият тыңдай білуіне де үлкен мән беріледі. Өйткені бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің атқанының бәрін дұрыс деп қабылдайды. Тілдің құпиясы сөздің құрылымын, жасалуын, пайдалану жолдарын білуден басталады. Олай болса, бастауыш сыныпта сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтінен тұратын сөз жүйесін сауатты меңгертуде сабақта ертегі, жұмбақ, мақал-мәтел, аңыз әңгімелер санамақты пайдаланудың тиімдлілігі өте жоғары. Себебі, бұндай жұмыстар баланың сөздік қорының дамуына септігін тигізеді. Сөздік қоры дамыған бала өз ойын еркін жеткізеді, көркем сөйлеуге дағыдыланады. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылармен диалогтік оқыту жұмысын күнделікті жүгізіп отырса да артық болмайдыТип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 21.38 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |