"Бастауышым - балбұлағым" тәрбие сағаты

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын,білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру.Білімге деген құштарлығын арттыру. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға тәрбиелеу.Бастауыш сыныбымен,білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып,әр баланың өз ерекшелігімен танытып,сәт-сапар тілеу. Көрнекіліктер: слайд «Балалық шаққа саяхат»

«Оқусыз-білім жоқ, білімсіз-күнің жоқ», «Оқу-білім бұлағы, білім өмір шырағы» қанатты сөздер,шарлар,гүлдер. Ортаға 4-сынып түлектерін шақырамыз.(музыкамен)

Құттықтау сөз: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер «Бастауышым-балбұлағым»атты мерекесіне жиналып отырсыздар. Алдарыңызда тұрған балалар осыдан төрт бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді.Енді ,міне,бойлары да ойлары да өсіп,бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап орта буынға өткелі отыр.Талаптарыңа нұр жаусын деп ертеңгілігімізді бастаймыз. Толқимыз,толқып тұрсыз баршаңыз да, Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда.

Қол соғып қошаметпен шақыралық,

Төртінші «а»сыныбын ортамызға.

Біз сіздерді қазір бізбен бірге саяхатқа шақырамыз.(Слайд)

1.Рахманқұл:Арманға алдан күткен асығамыз, Біз қалай жалын атпай басыламыз.

Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен,

Бесіншіге қадам басқан жас ұланбыз. 2.Марал:Еске түсті ұмытпас, Өмірдегі көктемім. Есігін кеп мен алғаш, Ашқан ұлы мектебім. Әліппені қолға ұстап, Томпаң қаға бергенім. Мектебім маған жол нұсқап, Менің оған ергенім.

Содан бері неше қыс, Өтсе де талай жаз бен күз.

Көктеміндей өмірдің, Сол бастауыш қалдырды із. 3.Азат:Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны, Айқара есік ашып тастағаны. Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа апарғаны,

Енді,міне сағымдай өте шықты. Төрт жыл уақыт аз ба екен кім біліпті. Ұстаз ана жасады мына бізден, Ел танымас, азамат, бір-бірмықты.

4. Бұлбұл:Үйретіп алғаш бізге әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ой – арманы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Хор «Мектеп бізге үйретеді»

Мұғалім: Балалар,бастауыш сыныптан не үйреніп, не білдік? Кәне, ортаға салайық.

Бұлбұл: Біз оқуды,жазуды,есеп шығаруды,ән айтып,би билеуді үйрендік.

Рахманқұл:Біз үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды,жерімізге,елімізге жақсылық жасауды үйрендік.

Ясямян: Біз халқымыздың әдет-ғұрыпын,салт-дәстүрін үйрендік.

Мадина:Біз Отанды,ата-ананы, халқымызды,достарымызды, табиғатты,ел байлығын,ұстаздарымыз бен, алтын ұя мектебімізді сүйеміз.

Азат: Біз жақсылық пен жамандықты, ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты ажырата білеміз.

Наз-Ерке: Бізді ұстаздың көрсеткен жолы,ата-ананың ақылы,болашаққа деген сенім бастайды.

Марал: Біз адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйген ер боламыз.

1.Мадина:Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,

Күлімдеп бір нұр жүзіміз жанған күн.

Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,

Шақырғаны алға бізді арман мың.

Әсем бөлме терезелер жап-жарық,

Қойған дерсің шырағданнан шам жағып,

Қара тақта, аппақ парта қаз-қатар,

Отырдық біз сипап бәрін таң қалып.

2.Гүлайым:Кіріп келді сыныпқа ұстаз күнді іліп,

Бөлме іші кетті лезде шын жылып.

Сәлем берді ұстаз бізге жымиып,

Бар шуылын балалардың тындырып.

Күнде осылай өтіп жатты әр сабақ,

Таразыға түсті талай қанша бақ.

Білімді аңсап шөліркеген санаға,

Құйылды екен сонда қанша бал,шарап.

3.Ясямян:Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,

Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

4.Наз-Ерке: Қоссаңдар бірді екіге үш болады-

Деуші едің,- біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

5.Азат: О ұстаз, неткен мықты, төзімдісің,

Қол бастаған батырдың дәл өзісің.

Шаршасаң да сездірмей күлімдейсің,

Шәкіртім білім алсын,білсін дейсің.

6.Рахманқұл:О,менің ардақтаған, асыл анам

Ақылмен, ақ сүтімен асыраған

Айналдым қасиетіңнен әрқашанда

Жыр арнап міне, бүгін отыр балаң

Хор «Қамқор ұстаз»

Айтыс «Қыз бала мен ұл бала айтысы»

Мұғалім:Түлекті тәрбиелер кітап,мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптен.

Көрніс: Оқушы.Кітап.

Көрініс: «Кітаптар мұңы»

Мұғалім: Міне, балалар, кітапты таза, ұқыпты ұстай білу қажет.

-Кітап – адамның досы, ақылшысы.

Мадина: Білім алар көп адам,

Жақсы нәрсе жоқ одан.

Қызыға кеп оқимын,

Кітап маған ұнады.

Кітап- Білім,бұлағы.

Бөбектерім оқы, ойна,

Оқу, білім саған пайда.

Кітабыңның шетін жыртып,

Сиямен бояп қойма.

Наз-Ерке: Ұстаз... Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегінде ерекше жылылықты нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектесіп ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұгымболса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаз» дген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Хор « Ұстазым»

Ясямян: Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз- ғалым толастамас мәңгісің.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар, шәкірттердің алғысын!

Бұлбұл: Мектеп басшысы Шолпан Жорақанқызына

-Ұлағат ғұмырыңнан нұсқа алам да,

Мұрағат дәстүріңді ұстанам да.

Әр шақта тәліміңе тағзым етіп,

Ардақтап бас иемін, ұстаз-ана!

Наз-Ерке: Алғашқы ұстазымыз Қалдықыз Есенқұлқызына

-Қош келдің деп балдырған,

Күліп шыққан алдымнан.

Шексіз сеніп ата-ана

Балаларын қалдырған.

Сипап қойып басымнан,

Кетпей жүрген қасымнан.

Құрбы – құрдастарыммен

Достастырған асыл жан.

Гулайым: Ағылшын тілі мұғалімі Дания Темірханқызына -Өткенде бізден ағаттық,

Байсалдықпен тағат қып.

Балалық болса кешірген, Байыппен баурап өсірген.

Үлгілі әр кез ұстамды, Сабырлы ізгі ұстазды.

Анадай көріп сыйлаймыз,

Қоштасар кезде қимаймыз.

Рахманқұл: Өзін-өзітану пәні мұғалімі Гаухар Жамаладинқызына

-Аялап әрбір жанды мәпелеген ,

Артында шәкірті жүр тәтелеген.

Алдымда Гаухар апайдай ұстаз болса,

Аспандағы Айды да әперер ем.

Ясямян: Музыка пәні мұғалімі Айсара апайға

- Жақсы оқуды үлгі еткен,

Бала бол деп тіл алғыш.

Ноталарды үйреткен,

Айсара апайға мың алғыс.

Мадина:Бастауыш сынып мұғалімдеріне

-Кетіретін көңілдегі қаяуды,

Аман болсын ұстаздарым аяулы.

Өмір бойы сарқылмасын жігері,

Бақыттары бола берсін баянды.

Марал:Ата-анаға

Күн боп күліп балаға,

Ой жіберген санаға.

Мың бір сәлем жолдаймыз,

Ардақты ата-анаға.

Ән «Ұстазым» орындайтындар: Азат пен Гүлайым

1-сынып оқушылар тілегі Би «Қыздар тобы»

Ұстаз сөзі: Қанаттарың қатайды,

Биікке енді самғаңдар

Білім жолы – сара жол,

Ізденіңдер,талмаңдар.

Азат:Бастауышым-балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып,білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

Бұлбұл:Бастауышым-балбұлағым,

Лаулап жансын шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшты тау қыраның.

Ясямян:Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым-балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Бәрі: Ұстаздар жаққан шырақты,

Өшірмейік ,балалар.

Бәрін-бәрін білесің

Оқи берсең кітапты.

Хор «Ұстазым»

Үнді биі

Диплом тапсыру -Жүрмейді тағдыр сенің айдауыңда, Шараң жоқ жаратқанның байлауына.

Қимастықпен шығарып салдық бүгін Түлектерді үлкен өмір жайлауына.

Құттықтау сөз: мектеп басшысымен ата-аналарға беріледі.

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды, назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 25.04 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 141

Похожие материалы