Батыс Қазақстан Облысы, Ақжайық ауданы, МКҚК «Ақ бота» мектепке дейінгі ұйымы, Тлекбаева Айгүл Жексенқызы-балабақша әдіскері Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылығын дамытудағы ойын білім беру технологиясы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәндегі ақыл- ой тәрбиесі деген болмайды» В.А.Сухомлинский.   Ғылымда шығармашылылық ұғымы ХІХ-ХХ ғасырларда пайда болып, зерттеліне бастаған. «Шығармашылық-тура мағынасында жаңалық ашу дегенді білдіреді». Ал С.Ожеговтың сөздігінде «Шығармашылық-материалдық және мәдени құндылықтарды жасау» делінді. Жалпы «шығармашылық» деген сөздің мәтініне терең үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысынан көрінеді. Шығармашылық-адамның ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғарғы формасы. Дегенмен шығармашылық объективті және субъективті болатындығы белгілі. «Шығармашылық проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті» - деп түсіндіріледі философиялық сөздікте. Шығармашылық әрекеттің мәні мен оның жан қуаттарымен байланыстылығы ертедегі философтардың еңбектерінен бастау алады. Адамның шығармашылықпен өзін-өзі дамыту идеясын ең алғашқылардың бірі болып ұсынған Гераклит өз оқушыларында шығармашылық тапсырма ретінде өздерін зерттеуді тапсырады. Ал Сократ әр адамның тұлға ретінде жетілуіне ерекше мән бере отырып, «интеллектіні» дамыту, қабілеттерді қалыптастыру оқытушының басты міндеттерінің бірі деп есептей отырып, оқушыларға дайын ұсыныстар бермей, «ақиқатқа жетуді» өздеріне тапсырып отырған. Бұл «сократтық әдістің» қазіргі уақытта да құндылығы жоғары деп білеміз.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.47 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 119

Похожие материалы