Баяндама: «Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өту кезіндегі оқытудағы сабақтастық»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өту кезіндегі оқытудағы сабақтастық

Сабақтастық байланыс мәселесі педагогикалық білім мен тәжірибеде өз шешімін толық табал алмай, зерттеу мен ізденісті талап етіп отыр. Өйткені қоғамның даму деңгейінен туындаған талаптарға сәйкес білім беруді жаңғыртудың кез келген мезетінде оқытудағы сабақтастық өзіндік мазмұнға ие болып, әр түрлі деңгейде шешіліп келе жатыр. Дегенмен, бүгінгі таңда теориялық және тәжірибелік тұрғыдан сабақтастықтың көптеген қорлары қажетті деңгейде ескерілуде дегеніміз ағаттық. Олай дейтінім, мектепке дейінгі және бастауыш сыныптардың, бастауыш және орта буынның алғашқы сыныптары арасында пәнді оқыту ғана емес, тұлғаны тәрбиелеп қалыптастырудағы сабақтастық мәселесін жүзеге асыруда елеулі кемшіліктер орын алуда.

Жалпы алғанда оқытудағы сабақтастық ұғымы педагогикалық әдебиеттерде жүйелік принципінің тармағы ретінде қарастырылады. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда сабақтастық теріске шығарудың оқу –тәрбие процесіндегі өзіндік көрінісін сипаттайды, яғни ескінің жаңамен алмасуын, жаңаның құрамында ескінің қолданыс табуын және оның жақсы жақтарын сақтай отырып үйлесімді дамуына ілесе жалғасуын білдіреді. Сондықтан да оқытудағы сабақтастық оқыту процесі құрамаларының бәріне тән, атап айтқанда оқытудың мақсат-міндеттері, мазмұны мен әдістерінің, құралдары және ұйымдастыру формаларының арасындағы қажетті байла ныстарды білдіреді. Сондай-ақ сабақтастық байланыстардың түрлері де ажыратылады.

Олардың қатарында: мектепке дейінгі тәрбие мекемелері мен 1- сынып арасындағы, бастауыш пен орта буын пәндерін оқытудағы және пәнішілік, пәнаралық сабақтастық байланыстар, тақырып немесе тарау материалдарының арасындағы байланыстар және т.б.

Сабақтастық байланыс екі жақты құбылыс, яғни бұл мәселені төменнен жоғары бағытта қарастырса, ілгері жылжуды, дамуды және алдағы мақсат пен міндеттерге бағдарлануды, ал жоғарыдан төменгі бағытта қарастырса, оқушылардың игерген тәжірибесін әр алуан іс-әрекетттерде тиімді және орынды қолдануды сипаттайды.

Келесі бір ескертетін жай -пәнді оқытудағы сабақтастық байланыстар мемлекеттік білім стандарттарында, оқу бағдарламаларында, оқу және әдістемелік құралдарда шешімін табуы тиіс. Бұл –оқу әдістемелік кешенді әзірлейтін авторлар тобының құзырында, өкінішке орай бастауыш және орта буын сыныптарына арналған нақты пән бойынша дүниеге келген оқу әдістемелік кешендерді әр түрлі авторлар тобы дайындағандықтан сабақтастық байланыстар үйлесім таба алмай жатады. Ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан математиканы оқытудағы сабақтастықтың іске асырылуы жайлы айта кетейін. Мұнда екі бағыттағы тұжырымға тоқталайық:

Біріншісі-оқу әдістемелік кешенмен жан-жақты танысудан туындаған, ал екіншісі-пәнді оқыту тәжірибесін байқау және бақылау барысында жинақталған.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 192.34 Kb
Количество скачиваний: 102
Просмотров: 255

Похожие материалы