Баяндама «Физика және астрономия» пәніндегі астрономия курсын оқыту ерекшеліктері.

Предмет: Физика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Атырау қаласы,Дамбы селосы

Амангелді орта мектебі

Физика пәнінің мұғалімі

Утегалиева Гульшат Каиргалиевна

Баяндама «Физика және астрономия» пәніндегі астрономия курсын оқыту ерекшеліктері.

  1. Кіріспе.

Физика ғылымы – қоршаған әлемнің сансыз құбылыстарында көрініс табатын табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады.Физиканың зерттеу ауқымы өте кең, сондықтан ол қоршаған әлем жайлы білімнің маңызды көзі болып табылады.

Орта мектепке арналған «Физика және астрономия» курсының негізгі мақсатына мыналар саяды:

1) Оқушылардың ақыл – ойын, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.

2) Физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалры адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу;

3) Табиғатқа ғылыми – көзқарасты бекіту;

4) Адамның дүниеге қатынасына, жеке тұлғаның құндылық жүйесіне алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Ол үшін мынадай міндеттер орындалуы қажет:

- Оқушылардың ғылыми дүниетанымын дамыту, әлемнің физикалық бейнесінің біртұтастығы, ондағы адамның орны мен рөлі жайлы көзқарасты қалыптастыру.

- Оқушылардың ғылыми ойлауын танымдық және шығармашылық қабілетін ғылыми мәліметтерді түсінуін, ғылыми білімді өз бетінше игеруді қалыптастыру;

- Технологияландырылған әлемде бағдар ала білуге;

- Ғылыми және экологиялық мәдениетке тәрбиелеу ;

«Физика және астрономия» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында анықталған. «Оқушылардың міндетті дайындық» деңгейіне қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, 7 – 9 сыныптар аралағында астрономиялық курсын оқыту ерекшеліктеріне тоқталайық.

а) Бағдарлама бойынша

7 сыныпта астрономия тақырыбы

1) « Астрономия аспан денелер туралы ғылым» -2 сағат

2) « Қозғалыс тарауында – планеталар қозғалысы. Күннің жылдық қозғалысы. Күн жүйесінің құрылыс туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары. Коперниктің гелиоцентрлік жүйелер – 3 сағат.

3) Масса және күш тарауында «Басқа планеталардағы ауырлық күші» - 1 сағат

8 – сыныпта:

1) «Ай, Шолпан, Марстағы термодинамикалық жағдайлар» - 1 сағат.

2) «Күн – жұлдыз» - 1 сағат

9 – сыныпта – 5 сағат « Астрономия негіздері» оқытылады.

Осындай сағат көлемінде оқушыларға астрономиядан бірізділік принципіне сүйенген жүйелі білім беруіміз қажет.

10,11 сыныптардағы астрономия мәселелерін оқуды оқушы орта мектеп курсынан алған білімдеріне яғни 7 – 9 сыныптарда оқушы негізгі базалық білімді игеруі тиіс.

Санаулы уақыт көлемінде оқушы білімін біртұтас жүйелі күйде қалыптастыру үшін оқулықтан тыс тестілер, танымдық сұрақтар, жұлдыздық картамен жұмыс сияқты оқушы қызығушылығын арттыратын әдістемелік, дидактикалық қосымшалардың қажеттілігі сөзсіз.

II. Негізгі мектепте жаратылыстану пәндеріне бөлінген апталық сағат саны 1,5 – 2 еседей қысқарса, ал физика мен астрономия логикалық түрде толық аяқталған біртұтас курс болғандықтан, одан берілетін білім мазмұны керісінше 1,5 – 2 есе артып отыр. Мұндай жағдайда оқу үрдісін бұрынғысынша ұсақ тақырыптарға бөліп, экстенсивті жолмен ұйымдастыру оң нәтиже бермейді. Сондықтан тығырықтан шығу үшін оқу материалын жүйелеуге, ірі блоктарға біріктіріп, ірілендіруге жол ашатын жаңа технологиялық амалдарға көшу қажет. Осыған байланысты оқу үрдісін ұйымдастырудың төмендегі технологияларын қолдану ұсынылады.

- Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (ДБІ)

- Оқытудың модульдік – кредиттік технологиясы. ДБІ – технологиясының әдіснамалық ұстанымдары мен тиімділігі:

- Оқу үрдісінде, соның ішінде әр сабақта жүйелі жалпылауда қолдану (системное обобщение)

- Оқу материалы арасындағы логикалық байланыстарды ашу,

- Оқу материалының ең мәнді қырларын көрсету.

- Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды күшейту.

- Оқу үрдісін қарқындандыру және уақыттан ұту.

Астрономия курсынан дүниетанымдық және жалпы білім берерлік маңызы өте жоғары. Сондықтан қазіргі «Физика және астрономия» пәні интегралды курс болып есептелінеді. Анализ жасап көрсек, бұл екеуінің арасындағы байланысты ашып көрсетуге және астрономияны оқып үйренудегі қажетті физикалық білімдерді анықтауға болады.

Аспан объектісі

Сипаттары

Құбылыс

тар мен процесстер

Зерттеу әдісі, құралы

1.Күн жүйесі:

1. Күн гравитациялық центр.

2.Планета(ғаламшар)

3.Серіктеп

4.Астероид

5.Комета

6.Метеор,болид,метеорий, метеороид.

7.Планетаралық орта.

II.Галактика.

1.Жұлдыз:

А)Күн – жұлдыз

Ә)алып,ергежейлі,қара құрдым

Б)цефеидтер

2)Жұлдыз шоғыры

3)азды тұмандық

Атмосферасы,планетаның айналуы,периоды,радиациялық белдеу,

алып планеталардың

сақиналары,жылдамдығы,спектр,фаза,

ғаламшар мен жұлдыздардың физикалық сипаттамалары.(магниттік өріс,масса,радиус,жарықтары,тығыздығы,температурасы),химиялық құрылымы,түсі,күн дағы,жарқыл,күн белестері,циклі.

Күн және ай тұтылу,жарық қысымы,

Жердің басқа планеталардың сығылуы,галактика, Метег/а,

ғаламшардың,Жердің,Күннің эволюциясы, белсенділігі (Күн,галактика ядролары)

Бақылау(визуалды, фотосурет,радио-

астрономиялық,спектрлік анализ,телескоп, спектроскоп, стектрограф)

Орасан зор информация әлемінде аспан денелері мен ғарыштық құбылыстар жөніндегі оқу материалдары 3 негізгі ұғым төңірегінде топтастырылады: «Ғаламшар», «Жұлдыз» және «Әлем»

«Жұлдыз» ұғымын сатылап қалыптастыру құрылымы.

Ұғым сипаттамасы

Физикалық курстың тараулары

Оқушылар жарық жқлдыздарды тауып,олардың пішінін,қозғалысын тауып,жұлдыздық картаны пайдалануды үйрету

1

Ұғымның анықтамасы

1)Мкт және термодинамика

Күн – жұлдыз.Күннің термодинамикалық сипаттамаларын М –К теңдеуін қолданып,анықтау.

Электродинамика негіздері, плазма

Күн бетіндегі электромагниттік құбылыстар,күн желі,күн активтілігі

2

«Ұғым» туралы білімді

Дамыту және кеңейту.

Электромагниттік тербелістер мен толқындар

Жер бетінде көрінерлік жұлдыздар нүктелік жарық көзі болып табылады.Жұлдыздық шаманы арақашықтығымен салыстыра отырып,жарықтану заңына келуге болады.Одан жұлдыздардың жврықтылығы және алып жұлдыздар мен ергежейлілер туралы түсінік қалыстасады.

3

Ұымдық классификациялау және жүйелеу

Кванттық физика,Бор теориясы,Шығару және жұтылу спектрлері

Спектрлік анализ және газдардың физикалық жағдайы,тұтас спектрдегі жұтылу сызықтары күшейетін температуралық интервал туралы түсінік.

4

Ұымдық жалпылау

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 118 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 141

Похожие материалы