Баяндама на тему «Тілді меңгеруде флип-чарт сабақтарының тиімділігі»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз саясатында білім беру ісіне айрықша мән беріп отырады. Мемлекет басшысы бүкіл қоғамды біріктіретін ең маңызды фактор- қазақ тілін оқыту сапасын көтеру екенін нақтылап атап айтты. Заман талабына сай біліктілігімізді  арттыру мақсатында  аудан орталығында    «Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының қауымдастығы» корпоративтік қорының  әдіскерлері       орыс  мектептерінде  жұмыс істейтін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдерімен  « Мемлекеттік тілді меңгерудің  инновациалық технологиялар  жүйесін құру » жобасы аясында   аймақтық  семинар өткізді. Бұл семинарға төрт ауданның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің  мұғалімдері қатысты.Бұл семинарда мұғалімдерге 9 сыныбына арналған оқулық, әдістемелік құрал, диктанттар жинағы және де флипчарт- сабақтары ұсынылып, материалмен жұмыс жүргізудің тиімділігі туралы сөз  қозғалды.   Ұсынылып отырған оқулықта оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 9- сыныбына арналған күнделікті коммуникативтік қарым-қатынаста қолданылатын әлеуметтік-тұрмыстық,әлеуметтік-мәдени, оқу-еңбек аясының мазмұнындағы лексикалық мәтіндер,тапсырмалар мен жаттығулар берілген.Оқулықта берілген материал жаңа бағдарламаға сәйкес жасалған,мазмұнды әрі  жүйелі құрылған.Грамматикалық тарауында көмекші есім,қосарлама қос сөз,етіс,етістік тақырыптары ,лексика тарауында кәсіби сөздер,терминдер,жалпы халықтық қолданыстағы сөздер қамтылған.  Флипчарт-сабақтары екі дискіден ,әр диск  16 сабақтан тұрады. Әр сабақ қызықты,әсем безендірілген суреттерден,мақал-мәтелдер жинағынан ,сөздікпен жұмыс түрінен ,сөздерді сәйкестендіру,мәнерлеп оқу, ән тыңдау секілді жаттығулардан тұрады.Қызықты жағы мәтінді,өлеңді  мәнерлеп оқу,ән тыңдау диктордың баяндауымен оқылған. Бұл оқушыларды  жаңа дауыспен оқылған өлеңді,әнді тыңдауға қызығушылығын арттырады.Дайын  флипчарт -сабақтарымен жұмыс барысында әр түрлі қосымша жаттығу жұмыстарын жүргізуге өте тиімді,әрі мұғалімнің уақытын үнемдейді. Мысалы; сөздерді сөз құрамына талдау,сөз тіркесін құру,сөздікпен жұмыс,сөйлем құру,шағын шығарма жазу. Сонымен қатар осы беріліп отырған материалда ұлтымыздың мәдениеті,әдет-ғұрпы,салт-дәстүрі туралы көп мәліметтер оқушылардың білімін тереңдетуге үлкен себін тигізеді. Қазақ тілі оқулығына  қосымша  ретінде  аудиодиск ұсынылған. Бұл аудиодиск мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу және орыс тілінде баламасын 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.87 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 169

Похожие материалы