Баяндама "СТО технологиясы" 10 сынып

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Баяндама тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиет сабағында сын тұрғысынан ойлау                  элементтерін орынды және тиімді қолдана білу

 

              Бүгінгі таңда біздің елімізде білім мен ғылымға жасалып жатқан қолдаулар мен қойылып отырылған талаптар да жоғары.Қоғамымыздың даму бағытында жан жақты дамыған, сауатты,ізгілікті бойына жинақтай алған саналы шәкірт тәрбиелеу әр білім орнына жүктеліп отырған міндет.Осы бағытта әр мұғалім шынайы тілегімен «Ұстаз» деген ұлағатты есімге лайықты еңбек етіп, шәкірт жүрегін ізгілікке, бойын білімге,күшін рухқа,жанын саналылыққа толтырып, «Мен»деген жеке тұлғалар мен «Біз»деген отаншыл азаматтар тәрбиелеп шықсақ-біздің де еңбегіміздің алдында қойған мақсатымыз бен парызымыздың орындалғаны болмақ.

 

             Ал ұстаз еңбегінің тынымсыз ізденісі мен жемісі  шәкірт білімінен көрініс таппақ. Ұстаз үшін бүгінгі жаңа инновациялық үдеріске ілесе отырып, жаңашыл технологияларды бір кісідей меңгеруі-өмірдің өзіндік бір талаптарына айналып отыр.Мұғалімдерге осындай жол ашып отырған бірден бір стратегия- бұл «Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы» дер едім. Оған дәлел- « Оқу құралы сабақта ойлау жағдайларына бастамашы болуға және орта жасауға мүмкіндік беретін тиімді тәсілдер мен әдістер жиынтығын ұсынады. Мұнда оқу мәтіндерінің тиімді іріктелуі сияқты, өз бетімен оқу әдістері мен стратегияларының да іріктелуі маңызды рөл атқарады. Бұл бағыттың бастаушылары ретінде Л.Выготский, Дж.Дьюи, Ж.Пиаже сияқты белгілі ғалымдарды көруге болады. Осы «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері» атты оқу құралы «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» Халықаралық бағдарламасы негізінде жазылды» -деп С.Мерсейтованың еңбегінде көрсетілгендей, осы бағдарламалардың авторлары Дж.Стил, К.Мередит, Ч,Темпл ұсынған күйінде Халықаралық лецензияға сәйкес Қазақстан Республикасында бұл бағдарламаны Қазақстан Оқу Ассоциациясының ( ҚазОА) мүшелері ғана пайдалана алатындығы туралы курстан өту кезінде тәлімгер- кураторымыз Абитова Сәнім Қуанышқызы оқытқаннан бері түсініп, осы бағдарламамен жұмыстану мен үшін өз мүмкіншіліктерін берді . ҚазОА ның бағдарламасының негізінде мұғалімдердің өз беттерінше жұмыстанып,іс- тәжірибе жинақтап,өздерінің авторлық бағдарламаларын әзірлеуге және жаттығу оқулық жинақтарын шығаруға құқық берілуі көптеген ізденімпаз,шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдерге берілген мүмкіндіктер ретінде қуантады. Сонымен бірге: « Сөйтіп, осы оқу құралында біз «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» Халықаралық Бағдарлама авторлары ұсынған Джинни Стил,Ч.Темпл, К.Мередит идеяларын және оқыту стратегияларын негізге аламыз. Біз сондай ақ « Teaching and Learning Strategies for the Thinking Classroom», RWCT international Concortium, 2005, бағдарламасының волонтерлар тобымен - Алан Клоуфорд, Уенди Соул, Самуэл Мэтью және Джеймс Макинстер А.Crowford, E.W.Saul, S.Mathews, J.Makinster ағылшын тілінде шығарылған, авторлардың келісімімен жасалған бағдарламаға ұқсас арнайы курсы бар және ТарМПИ ағылшын тілі факультетінде 2008-2010 жылдары тәжірибеден өткізілген ұқсас жұмысқа бірнеше мәрте сілтеме жасаймыз»-деген бағыттаушы сілтемелері де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне де зор мүмкіндік бергендей.

 

       Қазақстан Республикасындағы бірізділікке түскен мемлекеттік стандарт бағдар ламасы бойынша жұмыстанып келе жатқан мұғалімдер қауымының әрқайсысының өз іс тәжірибесінде «Халық пен халықты,адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім »-деп дана жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы негізінде жұмыстанып жүрген ұстаздар қатарында біздің Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары да өз білім деңгейлерімен аудан, облыс,республика көлемінде іс-тәжірибелерімен танылып жүргендері де бар, солардың бірі ретінде мен де өзімнің күнделікті сабақтарымда да, ашық сабақта- рымда да осы стратегиялық бағдарлама элементтерін тұрақты қолданып, шәкірт- терімнің қазақ тілі мен әдебиет сабағына қызығушылықпен қатысып,сапалы білімдерін бекітуге оңтайлы әдіс екендігіне көзім жеткендей.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 58.5 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 103

Похожие материалы