Здесь была ссылка на работу Баяндама Сынып жетекшісінің негізгі қызметі автора Тасимова Алима Утегеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сынып жетекшісінің міндеттерінің көлемі өте ауқымды. Сынып жетекшісі болу – бұл педагогикалық қарым – қатынасты, ынтымақтастықты жүзеге асыру, толыққанды тұлға дамыту. Бүгінгі күнгі тәрбие соңғы онжылдыққа дейінгі жетекші рөл атқарып келген бұрынғы дәстүрлі әдістер, құралдар мен жұмыс формаларына негізделе алмайды. Көптеген обьективті және субьективті себептерге байланысты кейбір сынып жетекшілерінің деңгейлері оқу орындарында басшылыққа алынған тәрбие жүйелерінің талаптарын қанағаттандыра алмайды. Қазіргі кезде оқушылар зердесінің жоғары дәрежеде болуы – сынып жетекшісі тұлғасына қойылатын талаптар деңгейін жоғарылатады. Сондықтан сынып жетекшісі бәрінен бұрын зердесі жетілген педагог болуы қажет. Осы әдістемелік ұсыным сынып жетекшілеріне өз қызметтерін шығармашылықпен ұйымдастыруға, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңаша әдістері мен формаларын іздестіруге ықпал етеді деген сенімдеміз. Тәрбие жұмысының белсенді әдістері мен түрлі формалары арқылы ол тәрбие жүйесінің белсенді ойлау орталығына айналады. Балаға өзінің өмірлік үрдісін, әрекетін саналы ұғуына шешуші педагогикалық көмек көрсете отырып баланы тәрбие үрдісінің белсенді және саналы субъектіне айналдырады. Бала тәрбиесін жүзеге асыруда сынып жетекшісі ата-аналар, пән мұғалімдері, психолог, тәлімгерлер, үйірме жетекшілері т.б бірлесе отырып ең алдымен перспективалық жоспарлау бойынша жүргізілетін жұмыстарды табысты атқарып, ғылыми негізделген, жан-жақты ойластырылған, тәрбиенің алға қойған мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз ететін жұмыс жоспарын түзе білуі қажет. Сынып жетекшісінің өз қызметтерін нақты, жоспарлы ұйымдастыруы мен белсенді әдістерді қолдануы, тәрбиені технологияландыруы – оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіне саналы және белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Осы әдістемелік ұсынымды