Баяндама тақырыбы: В2-Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген с абақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:
Мұғалімдердің үшінші (негізгі) деңгейлі курсының бірінші «бетпе-бет» кезеңін аяқтаған соң, мектептегі тәжәрибе және қашықтан оқыту кезеңінің тапсырмаларын орындау Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №110 орта мектепте өтті. Мектепке барғанда тәжірибеге математика пәнінен 7-сыныпты өз қалауым бойынша таңдап алдым.Ең бірінші  күнтізбелік жоспарға қарап, келген  жерден ары қарай сабағыма қысқа мерзімді жұмыс жоспарын жасадым. Мектепке келген кездегі тәжірибемді үшінші наурыздан бастадым. Сынып ішінде түсінік жұмысын жүргіздім. Оқушыларға бұрынғы сабақтан, яғни дәстүрлі сабақтан өзгешелігі топпен жұмыс жасайтынымызды, топ алдында шығып, ойын қорғай білуге, өз бетінше тұжырым жасай білуге, ұжымдық қарым-қатынаста болу керектігін айттым. Оқушылардың көзқарастарынан қызығушылықты байқадым. Сыныпта барлығы 20 оқушы бар. Өте ұйымшыл сынып. Мектептегі тәжірибеде бұл сыныпқа артар сенімім мол болды.Тізбектелген сабақтардың орта мерзімді жоспарын құра отырып, бір сабақ бойынша қысқа мерзімді жоспар құрдым. Дәстүрлі сабақ жоспардан қысқа мерзімдік жоспарға көшу оңай болмады, өйткені, сабақтағы әр қадамымды оқушылардың психологиялық, әлеуметтік, танымдық қабілеттерін ескере отырып, ойланып жазуым керек болды. Жоспар негізінен сабақ барысында іс-әрекеттерді нақтылау мына сұрақтардың: 1.                  Оқушыларға нені оқыту керек? 2.                  Оқушылардың белсенді білім алуына қандай әдістер қолданамын? 3.                  Оқыту реттілігін қалай құрылымдаймын? 4.                  Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланамын? 5.                  Барлық оқушыларды жұмысқа қалай тартамын? 6.                  Жоспарланған мақсатыма жеткен, жетпегенімді қалай білемін? Секілді сұрақтар төңірегінде жасалды. Сабағымның тақырыбы: Бөлімдері әртүрлі рационал бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару. Мақсаты: Оқушылардың пәндік білімдерін әлеуметтік- жағдаяттық тәсілмен меңгеруге ықпал жасау.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 47.52 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 161

Похожие материалы