Баяндама Ыбырай Алтынсарин
Предмет:
|
Начальные классы
|
Категория материала:
|
Другие методич. материалы
|
Автор:
|
Шаукенова Зайра Арсеновна
|
Здесь была ссылка на работу Баяндама Ыбырай Алтынсарин автора Шаукенова Зайра Арсеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қазақ балаларына білім беріп, халқын оқыған, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандаған, осы мақсатқа бар өмірін арнаған ұлы ұстаз, жазушы Ыбырай Алтынсариннің еңбегі өте зор. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін, оның сауатты да білікті ел қатарына қосылуы үшін ақтық демі біткенше күресіп өткен осынау ұлы адамның аты ұлт жүрегінде мәңгі сақталатыны сөзсіз. Ы.Алтынсарин әңгімелері біздің өмірімізде ең керекті, әсіресе бүгінгі тәуелсіздік алған тұста халқымыздың адал еңбек етіп, өмір жеңісіне қол жеткізу үшін қажет. Халықтың рухани өміріне зор әсерін тигізген үздік туындысы «Қазақ хрестоматиясына» ақынның өлеңдері мен әңгімелері кірген. Әңгімелерінің негізгі тақырыптары еңбекті сүю, қадірлеу. Ұстаздың әңгімелерін оқи отыра, білім алушылар оның ұлағатты ойын, үлгі етер өнегесін бойларына азық етеді. Әңгімелесу, пікірлесу, әдеби шағын пікір-таластар өткізу арқылы білім алушылардың бойына жақсы ізгіліктерді қалыптастыруға болады. Ағартушы-ұстаз елге үлгі боларлық шығармалар жазу барысында алдына үлкен мақсат қойды.«Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін» дейді. Өз шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтеріп, оны шешудің жолдарын іздейді. Шығармаларының идеясы-шыншыл, еңбексүйгіш, әдепті қоғам белсендісін тәрбиелеп және оларды ғылым-білімге үйрету еді. Ата-ананы сыйлау, құрмет тұту, ана қадірін түсіну, жақын достарын сыйлай білу керек деген жалпы халықтық қағиданы әрқашан бала зердесіне салып отыру әрбір тәрбиешінің міндеті. «Ананың сүюі» деген өлеңі бала жанын тебірентіп, ана қадірін аяққа бастырмауға үндейді. Ананың балаға берілген сезімі мен ізгі ниетін жеткізе отырып, аналық мейірімнің молдығын, асылдығын балаларға ұғындыру мақсаты көзделген. Сол сияқты«Аурудан-аяған күштірек» деген әңгімесінде де осы тақырып кеңінен ашылады. Мұнда жас баланың шыдамдылық, төзімділік,имандылық сияқты ерік-жігер қасиеттері сипатталады. «Бір уыс мақта» деген әңгімесі балаларды ұқыптылыққа тәрбиелесе, «Жеміс ағаштары»әңгімесі бала тәрбиесінде дұрыс бағып-қағудың, дұрыс бағыт берудің маңызды екендігін ашып көрсетеді. Аталған әңгімелердің оқытушылар мен білім алушылар үшін тәрбиелік мәні зор. «Баланы жастан«дегендей, жас кезінен түзу тәрбие беру оның болашақ өмірі үшін керек. Ұлы ұстаздың мұндай тәрбиелік маңызы бар әңгімелері адамзат баласы үшін қай заманда болсын құнын жоймайды. Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен әңгімелерінде ағартушы-ұстаз еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді.Ұлы ұстаздың қандай шығармасын алсақ та білім алушысының санасын оятып, балаларға үлгі-өнеге берерлік, болашағына жол сілтерлік, оларды іс-әрекетке үйретіп өмір танытарлық ой тастайды. Өнерге ұмтылу, Отанын, елін сүю,талаптылық, жигерлілік, ізденімпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақылық т.б. осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды. Ы.Алтынсарин балаларға білім мен тәрбие беру ісінде маңызды роль атқаратын мұғалім дей келіп, оларға бірқатар педагогикалық талаптар қоя білді. Оқу тәрбие ісінде дұрыс қолданған тәсіл жемісін берері хақ дейді. Оқытудың тым теориялық жағын ұстамай, білім алушылардың қабілетіне қарап, үлкен шыдамдылықпен қажырлы еңбек етуді ұсынады. Бүкіл қазақ халқының жарық жұлдызы болған Ы.Алтынсарин мұралары - өшпейтін мұра. Сол мұрадан сусындаған ұрпағымыз білімді де ойлы, зерделі де тәрбиелі болып шығатынына сенімдіміз. «Ақын бол, болма өз еркің, азамат болу міндетің» демекші, ұстаз міндеті әр баланың өмірде өз орнын тауып, үлкен азамат болуына үлесін қосу. Ұрпақ тәрбиесі - ұлттың болашағы. Ендеше сол ұрпақ үшін ұстаз қауымына артылатын жүк оңай емес. Жақсы оқушы, жақсы азамат тәрбиелеу - уақыт талабы. «Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастырар талап сыйлайды«десек,еселі табысымыз туған елге арналады. Баяндамамды Ы.Алтынсариннің мына нақыл сөздерімен аяқтағым келеді:»Өз Отанымызға қолымыздан келгенше пайда тигізу-әрбір азаматтың парызы,борышы.»
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
1.5 Mb
|
Количество скачиваний:
|
154
|
Просмотров: 430
Похожие материалы