Баяндама:«Мектептің әлеуметтік-психологиялық компоненті қолайлы білім ортасын құру факторы «

Предмет: ИЗО, МХК
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Мектептің әлеуметтік-психологиялық компоненті қолайлы білім ортасын құру факторы.    Білім ортасының әлеуметтік компоненті - бұл білім процесі субъектілерінің қатынасу түрі, яғни оның аясында топтық қажеттілік жүзеге асырылады, жеке адамдар арасындағы және топтық жанжалдар   пайда болады және шешімін табады. Осы процесте адамдар арасындағы жасырында, мағыналы қарым-қатынас жағдайлары айқын сипатты иеленеді: жарыс немесе жасырын бәсекелестік; жолдастық тұтастық немесе сыбайластық; дөрекі қысым немесе саналы тәртіп ». Білім ортасының дамытушы әлеуметтік компоненті психологиялық-педагогикалық феноменге толықтай сәйкес келеді, оны «әріптестер байланысының нәтижелі әдісі, өзара сенімді қарым-қатынас орнатуға және жалғастыруға жағдай жасайтын, тұлғалық потенциалды ашуға және бірлескен істің нәтижесіне қол жеткізетін әдіс деп атауға болады». Маңызды сипаттамалар арасында, мектептің ішкі жұмысының тиімділігіне баға бере алатын, мектеп ішіндегі психологиялық жағдайды айтуға болады. «Мектеп ішіндегі психологиялық жағдай»   ұғымы, білім процесіне қатысушылардың (оқушы, мұғалім және ата-аналар) топ ішіндегі қарым-қатынасымен мектеп өмірінің басты аспектілерімен, жалпы екпінімен және байланысу стилімен қанағаттанушылық дәрежесін көрсететін    қасиеттің динамикалық жалпыланған сипаттамасы ретінде анықтауға болады. Сонымен мектеп ішіндегі психологиялық жағдайды туғызатын кім? Отбасы, ата-ана баланың мінезімен, оның әдеттерінің, ортадағы қарым-қатынасының негізін қалайды. Әрине, отбасының салты баланың мектептегі тәртібіне әсер етеді. Егер үй ішінде ата-ана балаға дауыс көтеріп сөйлесе, мектепте де бала тек айқайды түсінеді немесе қатты дауысқа мән береді.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 36 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 126

Похожие материалы