Здесь была ссылка на работу Кеңістік перспективасы. Табиғат көрінісі. автора Демеуова Хиуаз Султановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Пән Бейнелеу өнері /6 сынып уақыты 3.02.14 ж/ Сабақтың тақырыбы: «Кеңістік перспективасы.Табиғат көрінісі» Білімдік мақсаты: Кеңістік перспективасымен танысу Сабақтың дамытушылық мақсаты: Түс арқылы кеңістік перспективасын салып үйрену Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғатты бейнелеу арқылы талғампаздыққа үйрету Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта , альбом, қарындаш, акварель, қылқалам т.б Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру бөлімі 3 мин. Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу. 2.Үйге тапсырманы тексеру. Үйге «Сызықтық перспектива. Бөлме іші«тақырыбына сурет салып келу тапсырылды. Сол жұмыстарыңды тексеремін. 3.Жаңа сабақ. Кеңістік перспективасын бейнелеу жарық пен түстік қатынастарға негізделген. Кеңістік перспективасын сурет салғанда адамға кеңейіп немесе қағаз бетіндегі жазықтықта алысқа сүңгіп,еніп бара жатқан көз жетпес қиырды,ауаға толы орасан зор кеңістікті беруге мүмкіндік жасайды.Кеңістікті беру арқылы табиғат көрінісін нақты да дәл беруге болады. Заттар қашықтаған сайын бояу түстері мен реңктерінің өзгеруінде кеңістік перспективасы үлкен рөл атқарады. Ауа-райы , жыл мезгілдері,тәуліктік сағаттық уақыт, жарықтың түсуі, сонымен қатар ауадағы булану ,шаң және түтіннің болуы да заттардың әр түрлі көрінуіне әсер етеді.