Менің жаңа формация педагогы ретінде қалыптасуым

Предмет: ИЗО, МХК
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
          Өтілген үшінші деңгейлік курс бағдарламасы бойынша көптеген жаңа технологиялармен, жаңаша сабақ беру әдіс-тәсілдерімен танысып, жұмыс істеу бағытымды жаңа формацияға байланысты толық өзгерттім.           Кембридж ғалымдары ұсынған жаңашыл жобаның тиімді екеніне бір жылдық жұмыс барысында көзім жетті. Ең алдымен өзімді-өзім реттеу мақсатын алдыма қойып жасаған жұмысымды талдауға тура келді. Бұл әдіс-тәсілдің біразымен ертерек таныс болғанмын, жаңа технологиялардың кейбір элементтерін сабақ барысында қолданып келдім, сабақтар қызықты болып өтетін, бірақ сондай жақсы нәтижелерге жеттім деп айта алмаймын. Енді курстан алған білімде жаңаша әдіс-тәсілдер аралас түрінде пайдаланылатын болды, жеті модульді сабақтарымда және тәрбие жұмыстарында қолдандым. Берілген барлық әдіс-тәсілдерді аралас түрінде пайдаланған өте тиімді, оқушыларға да ыңғайлы, топпен жұмыс жасағанды олар қолайлы деп санайды. Себебі жеті модуль арқылы мен өз сабақтарымда оқушыларды ынталандыруға, өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге жағдай жасаймын, бұл маған тез арада жақсы нәтижелерге жетуіме көмек болды. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 25.25 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 91

Похожие материалы