Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі даярлық тобының тәрбиешісі Тогызбаева Жанар Койшыбаевна Білім беру салалары : Әлеуметтік орта .Таным. Шығармашылық. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Шебер қолдар. Тақырыбы : «Байқоңырдан зымыран ғарышқа ұшты.» Мақсаты : Балаларға ғарыш, ғарыштық ұшулар, Байқоңыр ғарыш айлағы, ғарышкерлер дайындау орталығы туралы түсінік беру , ғаламшар туралы балаларға толық мәлімет беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ерлігі жайында айта отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылығын арттыру.Балаларға таза және ұқыпты жұмыс жасауға тәрбие беру. Қажетті көрнекі құралдар : слайдтар ,суреттер т. б. Қажетті құралдар : Түрлі-түсті қағаздар, ермексаз, тас, қайшы, желім қолорамал . Әдіс-тәсілдер : Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, ертегі.т. Іс-әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті Ынталандыру Сезімді ояту. 1,Жылулық шаттық шеңбер : - Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұра қалайық. Балалар , енді орынымызға отырайық. Енді қойылған сұрақтарға назар аударып, жауап берелік. -Балалар бүгін біздер үш топқа бөлінеміз. Ай тобы Жұлдыз тобы Күн тобы 2 «Мозайка» ойын ойнаймыз. Шарты : суретті құрастыру арқылы сұрақтар қойылады содан жауап берген бала тақтаға фигураларды іледі. – Жылдың төрт мезгілін ата ? -Қазір қай мезгіл ? – Көктем мезгілінде неше ай бар ? Бір аптада неше күн бар ? Здравствуй, солнце золотое. Здравствуй, небо голубое! Здравствуй,Вольный ветерок Здравствуй,маленький дубок . Мы живем в одном земле-Всех я вас приветствую 1Көктем , жаз,күз, қыс. 2 Көктем мезгілінде үш ай бар 3.Наурыз, сәуір, мамыр. 4.Бір аптада жеті күн бар.