Бес нәрседен қашық бол

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:
 Өзін-өзі тану пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс (Слайд-1)  Тақырыбы:      Бес нәрседен қашық бол  Мақсаты: Рухани адамгершілік тәрбие білім беру  Міндеттері:             *Оқушыларды қарапайымдылыққа, рухани-адамгершілікке, әдептілікке,             кішіпейілділікке үйрете отырып, жаман әдеттерден, теріс             мінездерден аулақ болуға, адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз             қылықтарды ажырата білуге үйрету;             *Адам бойына әдеп әліппесін дарыту, тіл байлығын, таным             белсенділігін арттыру;             *Сыпайылыққа, сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді сыйлауға             тәрбиелеу.   Әдісі: сұрақ-жауап, өз ойын, пікірін айту, әңгімелеу,топтасыру, ықпалдастыру.   Көрнекілігі: слайдтар, мақал-мәтелдер, интербелсенді тақта,       тірек сызбалар.   Пәнаралық байланыс:   әдебиеттік оқу. музыка   Сабақтың барысы: І. Тыныштық сәті                                (слайд-2)   «Нұрға бөлену» ІІ .  Өткен білімді өзекті ету         -Балалар,  алдарыңда түсті парақ беттеріне жазылған өлең жолдары бар.Сол өлең жолдарын реті бойынша оқып шығайықшы:                   1.Ғылым таппай мақтанба,   Орын таппай баптанба,  Құмарланып шаттанба  Ойнап босқа күлуге.    2.Бес нәрседен қашық бол,  Бес нәрсеге асық бол,  Адам болам десеңіз.    3.Тілеуің, өмірің алдыңда,  Оған қайғы жесеңіз.    4.Өсек, өтірік, мақтаншақ,  Еріншек, бекер мал шашпақ —  Бес дұшпаның білсеңіз.    5.Талап, еңбек, терең ой,  Қанағат, рақым ойлап қой —  Бес асыл іс, көнсеңіз.    6.Жамандық көрсең нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз.  Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз.    7.Ғалым болмай немене,  Балалықты қисаңыз? Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз.    8.Ондай болмақ қайда деп,  Айтпа ғылым сүйсеңіз. Сізге ғылым кім берер Жанбай жатып сөнсеңіз. -Бұл өлеңнің авторы кім,естеріңде ме?Қалай талатын? О: -Осы өлеңнің ішінен адам бойындағы  жаман  қасиеттерді бөліп алайықшы: (слайд 3) О:                                                        - Бұл қасиеттерді Абай аталарың бізге қалай өсет етті? О:Бес  нәрседен қашық бол,-деп өсиет етті -Олай болса,бүгінгі рухани-адамгершілікке, әдептілікке,кішіпейілділікке үйрете отырып, жаман әдеттерден, теріс мінездерден аулақ болуға, адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды ажырата білуге үйретуге, сыпайылыққа, сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу мақсатындағы  сабағымыз Абай аталарыңның осы өсиетімен  «Бес нәрседен қашық бол«деп аталады.             (слайд 4) -Енді,әлгі өлеңдегі  жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп жіберейік? (слайд 5) О:                                                                - Бұл қасиеттерді Абай аталарың бізге қалай өсет етті? О: «Бес нәрсеге асық бол» деп өсиет етті. -Олай болса мен аталарыңның  «Бес нәрсеге асық бол», «Бес нәрседен қашық бол» деген өсиет сөздерін мен  сендерге тілек ретінде,әрі екі топқа  атау ретінде ұсынғым келіп тұр:                           (топтардың атауларын орталарына орналастыру)  1-топ: «Бес нәрсеге асық бол»                         2-топ: «Бес нәрседен қашық бол» -Сонымен,балалар,бүгін біз сабағымызда адам баласына тән жаман-жақсы қасиеттерді толық танып білу үшін жұмыс жасайтын боламыз.Жаңа жақсы,жаман қасиеттерді ажыраттық,енді   жақсы іс деген не,жаман іс деген не соны ажыратып алайық: (Слайд-6-9)    Жақсы іс деген не?Жаман іс деген не? -Ашу деген бәледен,            Алшақ жүріп жанаспай. Ақылды болсаң сол - ?        (Жақсы)                                                             Ата –ананың ақылын, Ала білмей кезінде, Ақымақ болсаң сол - ?       (жаман)   Үйдің ішін тазалап,  Үстіңе де қарайлап, Үлгере алсаң сол - ?           (жақсы)   Ұшып-қонып жүретін, Шегірткедей жеңілтек, Ұшқалақ болсаң сол - ?                (жаман)   Биязы мінез тіл алғыш,, Бал-бұл жанып жүретін,      Бауырмалдық сол - ?               (жақсы)         Беті-қолың кір-кір боп, Берекесіз ыржақтап Бейбастық өссең сол - ?            (жаман)                                                                   ІІІ.Әңгімелеу -Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, алпарысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара.Немересі өзін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында алпарысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар.Немере: -Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен — үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстері ше — неге біреуі ақ, екіншісі қара болуын қаладыңыз?-деп, атасынан сұрады. Жасы 70-ке жеткен ата немересіне күлімдеп қарады да: -Ол иттерім, мен үшін екі таңба, балам. — деді. — Ненің таңбасы? — Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер ұқсап, ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды қасымда ұстаймын.-деген екен атасы.-Қалай ойлайсыңдар, осы арпалыста ақ иттің жеңгенін қалар ма едіңідер әлде қара иттің жеңгенін қалар ма едіңдер? 
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 5.28 Mb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 248

Похожие материалы