Бүгінгі экологиялық тәрбиені халық педагогикасымен ұштастыру тәсілдері
Предмет:
Биология
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Есеналиев Оспан Сыздыкулы
Здесь была ссылка на работу Бүгінгі экологиялық тәрбиені халық педагогикасымен ұштастыру тәсілдері автора Есеналиев Оспан Сыздыкулы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғаумен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр,Табиғат-бар байлықтың көзі,адам өмірінің негізі,адамның өзіде-сол табиғаттың туындысы.Адам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты, егер сол байланысқа кішкене зақым түссе, бұл адамзаттың жер бетінде биологиялық түр ретінде өмір сүруіне қауіпті зардаптар туғызады.Табиғатта басы артық заттар жоқ.Табиғат сырын білмей оған қалай болса солай қарым-қатынас жасау үлкен апатка әкеп соқтыратынын тарих дәлелдеп отыр. Айналадағы ортада болып жатқан өзгерістердің нәтижесі алдағы уақытта орны толмас өкінішке әкелмес үшін,болашақ ұрпақтың құнарсыз жерден ешқандай өнім ала алмай, алуан түрлі ауру зардабын шекпес үшін ендігі жерде табиғат тазалығын сақтап қалатындай деңгейдегі экологиялық сауат баршаға қажет.Келешек қоғам егесі жастар деп қарайтын болсақ,сол жастардың сауатын ашу, тәрбие беру әрбір саналы адамзаттардың міндеті деуге болады.Табиғатқа жанашыр болу - адамзат қоғамына,оның келешегіне жанашыр болу деген сөз.