"Биология білгірі" сыныптан тыс жұмыс

Предмет: Биология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы: Биология  білгірі

Мақсаты: Оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейлерін байқау, сыни ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттырып, оларды ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.

 

Сайыс жоспары:

    I.            Қызықты сұрақтар

 II.            Шығармашылық жұмыс

III.            «Өсімдіктерге байланысты метафорлық теңеулер»

IV.            «Ең, ең, ең...»

V.            «Не жетпейді?»

VI.            Тарихын білесің бе?

 

Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді:

1-топ: «Бәйшешек»

2-топ: «Қызғалдақ»

 

Сендердің  есте сақтау қабілеттеріңізді байқау мақсатында  «Суретті тренинг» өткізіп көрелік.  Алдарыңызға әртүрлі 16 сурет көрсетіледі. 3 минут бойына қарап алған суреттеріңізді 2 минутта қағазға жазып шығу керек.

І кезең «Қызықты сұрақтар»

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1-топтың сұрақтары:

1.     Ең ірі жемісті атаңыз (асқабақ)

2.     Жапырағы түгел тікенекке айналып кеткен өсімдік (кактус)

3.     «Шөл кемесі» атанған жануар  (түйе)

4.     Діні ең жуан ағаш (баобаб)

5.     Ең алып құс. (Түйеқұс)

6.     Ең биік ағаш (Пальма)

7.     Қағаз қандай өсімдіктен жасайды? (шырша, көктерек)

8.     Ағаштың жасын қалай анықтауға болады? (жылдық сақина)

9.     Жыртқыш өсімдік (шыбынжұт)

10.                       Ең тез өсетін өсімдік. (Бамбук)

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.65 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 137

Похожие материалы